
2026 жылғы 1 сәуір орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице - министрі Кенжеханұлы Ермек Түркістан облысы тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізеді.
Күн тәртібінде – «Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған қабылданған шаралар» талқыланады.
Кездесу сағат 10:30-да Түркістан қаласы, 162 квартал көшесі, Достық үйінің ғимаратында өтеді.
Кездесуге БАҚ өкілдерін қатысуға шақырамыз.
Толығырақ ақпарат алу үшін тел.: +7 (7172) 555-765 – Асия Нұрпейісова.
Өңірдің АӨК-ін дамытуға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды targynova.k@minagri.gov.kz поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.