Директорлар кеңесінің конкурстық іріктеуін өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Директорлар кеңесінің конкурстық іріктеуін өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы білім министрлігі «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ директорлар кеңесінің (бұдан әрі – Директорлар кеңесі) тәуелсіз директорын сайлау бойынша конкурстық іріктеу (бұдан әрі – Іріктеу) туралы хабарлайды.

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, мекен-жайы: Астана қ., Мәңгілік ел 8, Министрліктер үйі, 3 кіреберіс, 201 кабинет. Анықтама телефоны: 8-708-379-68-16. Жұмыс телефоны: 8 (7172) 55 57 91.

Құжаттарды тапсыру мерзімі 2026 жылғы 3 қаңтарға дейін (қоса алғанда).

Қоғамның орналасқан жері: «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы.

Басқарманың негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Жоғары білікті мамандарды даярлау және қайта даярлау, Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін әзірлеу және енгізу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінде тиімді шетелдік технологиялар трансферті негізінде Қазақстан экономикасының аграрлық секторын инновациялық дамыту.

Тәуелсіз директорға қойылатын біліктілік талаптары:

1) Қоғамның үлестес тұлғасы болып табылмаса және ол Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде (Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда) болып табылмаса;

2) Қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайды;

3) Қоғамның лауазымды адамдарымен немесе қоғамның аффилиирленген тұлғаларымен бағыныстылықпен байланысты емес және директорлар Кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде осы тұлғалармен бағыныстылықпен байланысты емес;

4) мемлекеттік қызметші болып табылмайды;

5) осы қоғам органдарының отырыстарында Жалғыз акционердің өкілі болып табылмайды және ол директорлар Кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде ол болып табылмайды;

6) аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қоғамның аудитіне қатыспайды және оның Директорлар кеңесіне сайлануының алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған;

7) жоғары білімі және/немесе «магистр» дәрежесі және/немесе басқару (менеджмент), құқық, экономика және қаржы және/немесе өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария, балық шаруашылығы (балық өнімдерінің технологиясы, өндірістік балық аулау, ихтиология, аквакультура және су биоресурстары), қоршаған орта (экология), су ресурстары және су пайдалануы, биологиялық және оған жақын ғылымдар саласында қосымша білімі, соның ішінде халықаралық сертификаттары болуы тиіс;

8) басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл;

9) Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 1 жыл;

10) жұмыс өтілі 10 жылдан кем емес;

11) ұйымның бейініне сәйкес келетін бағыттар мен салалар бойынша құзыреттердің болуы;

12) іскерлік бедел;

13) тікелей немесе ықтимал мүдделер қақтығысының болуы.

Егер адам аталған тармақтардың біреуіне немесе бірден бірнешеуіне жататын болса, тәуелсіз директорға кандидат бола алмайды:

1) бұрын мәжбүрлеп тарату немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің төрағасы, бірінші басшысы (Басқарма төрағасы), басшысының орынбасары, бас бухгалтері лауазымын атқарған. Көрсетілген талап белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл ішінде қолданылады;

2) өтелмеген не алынбаған соттылығы бар не Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің заңдарында белгіленген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

3) бәсекелес ұйымның лауазымды адамы немесе қызметкері болып табылады;

4) тиісті уәкілетті органның шешімі бойынша кез келген елде Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде беделін түсірген және (немесе) шеттетілген;

5) заңнамаға сәйкес директорлар кеңесі мүшесінің міндеттерін орындауына кедерге келтіретін өзге де қасиеттерге ие.

Конкурсқа қатыса алмайтын тұлға:

1) бұрын мәжбүрлеп тарату немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің төрағасы, бірінші басшысы (Басқарма төрағасы), басшысының орынбасары, бас бухгалтері лауазымын атқарған. Көрсетілген талап белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл ішінде қолданылады;

2) өтелмеген не алынбаған соттылығы бар не Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің заңдарында белгіленген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

3) бәсекелес ұйымның лауазымды адамы немесе қызметкері болып табылады;

4) тиісті уәкілетті органның шешімі бойынша кез келген елде Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде беделін түсірген және (немесе) шеттетілген;

5) заңнамаға сәйкес директорлар кеңесі мүшесінің міндеттерін орындауына кедерге келтіретін өзге де қасиеттерге ие.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мындай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш-осы Тәртіпке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға келісім;

2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білімі, сондай-ақ ғылыми дәрежесі туралы құжаттардың, лицензиялардың және (немесе)патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері (олар болған кезде);

4) кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кандидаттың соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген – конкурсқа қатысу үшін өтініш берілген кезге дейінгі соңғы ай ішінде алынған құжаттар;

6) тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер;

7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарды динамикалық байқау (не динамикалық байқаудың болмауы) туралы мәліметтер;

8) наркологиялық науқастарды динамикалық байқау (не динамикалық байқаудың болмауы) туралы мәліметтер;

9) комиссия төрағасының атына қатыспау (үлестес болмауы, бағыныстылығының болмауы, өкілдік емес функциялары) туралы декларация-өтініш;

10) комиссия төрағасының атына мүдделер қақтығысының болмауы туралы өтініш - декларация (қоғамның контрагенттерімен тікелей және жанама байланыстардың болуы/болмауы);

11) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдау туралы комиссия төрағасының атына өтініш-декларация;

12) осы Тәртіпке 3-қосымшаға сәйкес дербес деректерді өңдеуге келісім;

13) осы Тәртіпке 4-қосымшаға сәйкес тәуелсіз директор лауазымына кандидат туралы мәліметтер.

Кандидат өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер, дәрежелер мен ғылыми атақтар беру, атақтар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Құжаттарды жұмыс органына кандидат қағаз немесе электрондық түрде мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынады.

Үміткер конкурстық өтінімді мынадай тәсілдердің бірімен ұсынады:

1) конкурстық комиссияның хатшысына қағаз түрінде қолма-қол тапсыру;

2) конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген пошта мекенжайы бойынша қағаз түрінде Жолдау;

3) конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген электрондық поштаға электрондық түрде жолдау.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне, мекенжайы Астана қ., Мәңгілік ел 8, 3-кіреберіске ұсыну қажет. Анықтама телефоны: 8-708-379-68-16, эл. пошта: daukenova.a@minagri.gov.kz

Кандидаттардың конкурстық өтінімдерін қабылдау кемінде күнтізбелік он күн өткізіледі.

Кандидаттардың құжаттары бар конверттерді ашу 2026 жылғы 5 қаңтарда сағат 10.00-де Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер Үйі, 3 кіреберіс, 201 кабинет мекенжайы бойынша өтеді.

Конверттерді ашқаннан кейін комиссия бес күнге дейінгі мерзімде кандидаттардың қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалауды жүргізеді.

Бағалау нәтижелері бойынша талаптарға сәйкес келетін қатысушылар электрондық пошта арқылы өткізілетін күнін, уақытын және орнын көрсете отырып, әңгімелесуге шақырылады. Бейнеконференцбайланысты қолдана отырып конкурс өткізуге болады.

Комиссия іріктеуге қатысушылармен (кандидаттармен) әңгімелесу өткізген кезде «Мемлекеттік мүлік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Білім туралы», «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қоғамның қызметі саласындағы қатынастарды және білім беру ұйымдары қызметінің ерекшелігін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі тексеріледі.

Анықтама телефоны 8-708-379-68-16. Жұмыс тел: 8 (7172) 55 57 91.

Өтініш

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім

Кандидат туралы мәліметтер