
2025 жылғы 9 желтоқсанда ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Ақмола облысының тұрғындарымен, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізеді.
Күн тәртібіндегі мәселе – «Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қабылданған шаралар».
Кездесу сағат 11:00-де Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83, облыс әкімдігінің ғимараты, 2-қабат мекенжайында өтеді.
Кездесуге БАҚ өкілдерін қатысуға шақырамыз.
Толық ақпарат телефоны: +7 (7172) 555-765 – Әсия Нұрпейісова.
Өңірдің АӨК дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды келесі электрондық поштаға жолдауыңызды сұраймыз: targynova.k@minagri.gov.kz.