
Ауыл шаруашылығы министрлігінде АӨК-ті дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.
Отырыста жұмыс тобының мүшелері мен министрлік өкілдері қатысты.
Күн тәртібі бойынша ашық дауыс беру қорытындысымен жұмыс тобының жетекшісі сайланып, Қоғамдық кеңестің сандық құрамы бекітілді — үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық сектордан 15 өкіл.
Қоғамдық кеңестің құрылуы министрліктің қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекет пен қоғам арасындағы сындарлы диалогты дамытуға бағытталған.
Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс және құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланатын болады.