
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасы табиғи жем-шөп алқаптарының ірі масштабты (1:1 000 – 1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 қазандағы № 314 бұйрығына өзгеріс мен толықтыруларды енгізу туралы бұйрықтың жобасын ресми интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы хабарлайды.
Жоба келесі сілтеме бойынша қол жетімді:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15627100
Осыған байланысты, Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады, өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды беруді сұраймыз.