
Олжас Бектенов биыл ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай өсу қарқынын көрсетіп отырғанын атап өтті. Бұл – егіс алқаптарын әртараптандыру мен агротехнологияларды тиімді қолдану жөніндегі Президент тапсырмаларын орындау нәтижелері.
Жиналған өнімді сақтап, өткізу үшін әкімдіктер мен Ауыл шаруашылығы, Сауда және Көлік министрліктері үйлесімді жұмыс істеуі тиіс.
Сондай-ақ Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, келесі жылы агроөнеркәсіп кешенін уақтылы қаржыландыру жұмыстарын жүргізуі қажет.