“СК Агро 2050” шаруашылығының табысы – жүйелі жұмыс пен мемлекеттік қолдаудың нәтижесі

“СК Агро 2050” шаруашылығының табысы – жүйелі жұмыс пен мемлекеттік қолдаудың нәтижесі

Солтүстік Қазақстан облысының, Мағжан Жұмабаев ауданында орналасқан, “СК Агро 2050” ЖШС өңірдегі тұрақты дамып келе жатқан шаруашылықтардың бірі. Кәсіпорын агробизнесті дамытуда кешенді тәсілді ұстанып, егін және мал шаруашылығын қатар өркендетуде. Бүгінде кәсіпорында ауқымды инвестициялық жобалар табысты жүзеге асырылып, заманауи агротехнологиялар енгізілуде. Егін шаруашылығында тұрақты нәтижелер көрсетіп, егіс алқаптарының құрылымын белсенді түрде әртараптандыруда. Өткен жылы дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 32 центнерді, ал жасымықтікі – 27 центнерді құрады. Егіс құрылымында зығыр, арпа, сұлы және жүгері дақылдары да бар. Келесі жылы шамамен 20 мың гектар жерді жоғары табысты дақылдар – рапс пен күнбағыс өсіруге бөлу жоспарланып отыр.

 

Бұл туралы толық ақпаратты келесі сілтемеден оқи аласыздар: Системный подход и господдержка – основа успеха хозяйства "СК Агро 2050" ᐈ новость от 19:31, 07 октября 2025 на zakon.kz

 

Дереккөз: www.zakon.kz