АШМ қызметкерлері республикалық сенбілікке қатысты

АШМ қызметкерлері республикалық сенбілікке қатысты

Іс-шара «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясы аясында өтті.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері елді абаттандыруға бағытталған кең ауқымды экологиялық бастамаға қосылды.

Қатысушылардың пікірінше, тазалық пен тәртіпті сақтау – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы.

Сенбіліктің басты мақсаты – қоғамның назарын экология мәселелеріне аудару, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың қоршаған ортаға жауапкершілігін арттыру.

Акция барысында көшелер, саябақтар, аулалар, демалыс аймақтары және басқа да қоғамдық орындар тазартылды.