Қазақстанның АӨК өндірісінің көлемі 4,4 трлн-ға жетті - ҚР АШМ

Қазақстанның АӨК өндірісінің көлемі 4,4 трлн-ға жетті - ҚР АШМ

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров 2020 жылдың 9 айында АӨК дамуы туралы ақпарат берді

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 5%-ға артып, 4,4 трлн теңгені құрады.

Өсім негізінен өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 7%-ға (2,5 трлн теңге) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

Аталған кезеңде мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,7%-ға артып, 1,9 трлн теңгені құрады.

Бұл ретте тірі салмақта ет өндіру көлемі 3,8%-ға, сүт өндіру көлемі 3%-дан астамға өсті.

Азық – түлік өндірісі 3,5%-ға - 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Сапархан Омаровтың айтуынша, өңделген күріш өндірісі 54,5%–ға (149,9 мың тоннаға дейін), шұжық өнімдері – 19,6%–ға (43,5 мың тоннаға дейін), сары май – 14,2%–ға (17,3 мың тоннаға дейін), құс еті – 11,4%-ға (78,9 мың тоннаға дейін), жарма - 10,9%-ға (66,9 мың тоннаға дейін), макарон өнімдері - 10,9%-ға (136,2 тонна), ұн - 7,4%-ға (2,4 млн тоннаға дейін), ашытылған сүт өнімдері - 5,2%-ға (165,9 мың тоннаға дейін) өсті.

"Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 15,1%-ға артып, 380 млрд теңгеден асты. Азық-түлік өндірісі саласына инвестициялар 17,2%-ға артып, 65 млрд теңгеге жетті, - деп атап өтті Сапархан Омаров.