
2025 жылғы 13 қазанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен және тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Күн тәртібіндегі мәселе – «Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қабылданған шаралар».
Кездесу сағат 09:00-де Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, облыс әкімдігі ғимаратымында өтеді.
БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпаратты келесі телефон арқылы алуға болады: +7 (7172) 555-765 – Асия Нұрпейісова.
Өңірдің АӨК-ін дамытуға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарыңызды келесі электрондық поштаға жолдауыңызды сұраймыз: targynova.k@minagri.gov.kz.