
2025 жылғы 7 қазанда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен есептік кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Абай облысы тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізеді.
Күн тәртібінде – «Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған шаралар туралы».
Кездесу сағат 11:10-де Семей қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 11, «Alikhan Bokeikhan University» ғимаратында өтеді.
Кездесуге БАҚ өкілдерін қатысуға шақырамыз.
Толығырақ ақпарат алу үшін тел.: +7 (7172) 555-765 – Асия Нұрпейісова.
Өңірдің АӨК-ін дамытуға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды targynova.k@minagri.gov.kz поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.