
2025 жылғы 06 қазан орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен есептік кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Павлодар қаласы тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізеді.
Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған қабылданған шаралар талқыланады.
Кездесу сағат 15:00-де Павлодар қаласы, Машһүр Жүсіп к-сі 35/1, өтеді.
Кездесуге БАҚ өкілдерін қатысуға шақырамыз.
Толығырақ ақпарат алу үшін тел.: +7 (7172) 555-765 – Асия Нұрпейісова.
Өңірдің АӨК-ін дамытуға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды targynova.k@minagri.gov.kz поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.