
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) 2020 жылғы 7 қазандағы отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің (бұдан әрі – Қағидалар) 7 – тармағының 4) тармақшасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мынадай бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы шешім қабылданды:
1) «Қазақстан егіншілер одағы» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігі;
2) «Агросақтандыру Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
3) «Қазақстанның ет өңдеу кәсіпорындарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
4) «Қазақстанның Астық одағы» заңды тұлғалар бірлестігі;
5) «Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
6) «Қазақстандық автобизнес қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі»;
7) «KazGrain» ұлттық экспорттаушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
8) «Солтүстік Қазақстанның Қарапайым заттар экономикасы Қауымдастығы» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігі;
9) «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігі»;
10) «Қазақстанның астық өңдеушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігі»;
11) «Қазақстанның шошқа шаруашылығы одағы» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігі»;
12) «Қазақстанның Ет одағы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі;
13) «Қазақстан құс өсірушілер одағы» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігі.
Сонымен қатар, Қағидалардың 13-тармағы 2) тармақшасына сәйкес Комиссия жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мынадай бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы шешім қабылдады: