Қазақстан өсімдіктерді карантиндеу және қорғау жөніндегі Еуропалық және Жерорта теңізі ұйымының 75-сессиясына қатысты

Қазақстан өсімдіктерді карантиндеу және қорғау жөніндегі Еуропалық және Жерорта теңізі ұйымының 75-сессиясына қатысты

ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Өсімдіктерді карантиндеу және қорғау жөніндегі Еуропалық және Жерорта теңізі ұйымының (ЕОКЗР) 75-сессиясы өтті.

Қазақстан атынан сессия жұмысына агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сәкен Қаныбеков қатысты.

Іс-шара барысында ЕОКЗР Бас директоры Ольга Тика өткен жылы  атқарылған жұмыс нәтижелері туралы есеп беріп, ағымдағы жылдың жоспарларына тоқталды.

Қатысушылар ұйымның ғылыми жобаларға қатысуы және қызметтің қаржылық бағыттары мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, өсімдіктерді қорғау құралдары жөніндегі жұмыс тобының есебі мен халықаралық фитосанитарлық стандарттар жөніндегі жұмыс тобының есебі тыңдалды.

Сессия қорытындысы бойынша ұйымға мүше мемлекеттер 2026 жылға арналған жұмыс бағдарламасы мен іс-шаралар күнтізбесін бекітті.