Отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін кәсіпорындардың ресми сайттары тізімі

Отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін кәсіпорындардың ресми сайттары тізімі

Құрметті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері!

Отандық өндірістен шығатын ауыл шаруашылығы техникасы туралы толық ақпарат беру мақсатында, сіздерге отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін зауыттардың сайттары тізімін ұсынамыз. Аталған сайттарда шығарылатын техника түрлері, олардың сипаттамалары мен техникалық ерекшеліктері, сондай-ақ сервис көрсету қызметі туралы мәліметтер берілген.

Сондай-ақ бұл сайттардан қазіргі уақытта қолданыстағы бағалар көрсетілген ауыл шаруашылығы техникасын сату бойынша дистрибьюторлық орталықтар жайлы ақпарат ала аласыздар.

Отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін зауыттардың сайттары:

1. «Қазақстан Аграрлық Инновациялық Корпорациясы» ЖШС — комбайндар, орақ бастырғыштар, тракторлар, тіркемелі және аспалы ауыл шаруашылығы техникасы өндіруші: https://kaik.kz/;

2. «АгромашХолдинг KZ» АҚ — комбайндар, орақ бастырғыштар, тракторлар, тіркемелі және аспалы ауыл шаруашылығы техникасы өндіруші: https://amh.kz/;

3. «Kazrost Engineering Ltd.» ЖШС — комбайндар, орақ бастырғыштар, тракторлар өндіруші: https://kazrost.kz/kazrost-eng;

4. «СемАз» ЖШС — тракторлар өндіруші: https://semaz.kz/;

5. «Қостанай трактор зауыты» ЖШС — тракторлар өндіруші: https://kirovets-ktz.kz/;

6. «Kaz Kioti» ЖШС — тракторлар өндіруші: https://kazkioti.kz/;

7. «МТЗ-Казахстан» машина жасау зауыты» ЖШС — тракторлар өндіруші: https://tractor-belarus.kz/;

8. «СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС — тракторлар, комбайндар, орақ бастырғыштар және егіс кешендері өндіруші: https://ctassembly.kz/;

9. «КАЗТЕХМАШ» машина жасау зауыты» ЖШС — комбайндар өндіруші: https://www.mzktm.kz/;

10. «Дон Мар» ЖШС — орақ бастырғыштар өндіруші: https://www.donmar.kz/;

11. «AVAGRO» ЖШС — бүріккіштер мен бүрку жабдықтары өндіруші: https://avagro.kz/;

12. «KazTechСельмаш» ЖШС — топырақ өңдеу техникасы өндіруші: https://kaztechselmash.kz/;

13. «Казагромаш» ЖШС — топырақ өңдеу техникасы өндіруші: https://kazagromash.kz/; 

14. «Агрострой» ЖК — топырақ өңдеу техникасы өндіруші: https://agrostroi03.kz/.