
2025 жылғы 14 тамызда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. Ермек Кенжеханұлы Алматы облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізеді.
Кездесу барысында өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған қабылданған шаралар талқыланады.
Кездесу сағат 09:30-да Қонаев қаласы, Индустриалдық 16/4 көшесі, облыс әкімдігінің залында өтеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпарат үшін: +7 (7172) 555-765 – Әсия Нұрпейісова.
Өңірдің АӨК саласын дамытуға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды targynova.k@minagri.gov.kz электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.