
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 100 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 155 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасын «Ашық НҚА» ресми интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы хабарлайды.
Жоба келесі сілтеме бойынша қол жетімді:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15548716
Осыған байланысты, Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады, өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды беруді сұраймыз.