Айдарбек Сапаров жеке қабылдау өткізді

Айдарбек Сапаров жеке қабылдау өткізді

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров кезекті азаматтарды қабылдау өткізді. Қабылдау барысында 8 адамның өтініштері мен ұсыныстары қаралды.

Негізгі көтерілген мәселелер – жер учаскелерін беру және пайдалану, сүт өнімдерін өңдеуді дамыту, жылыжай шаруашылықтарының жұмысы, сондай-ақ бордақылау алаңдарын мемлекеттік қолдау шаралары болды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитеттері мен департаменттеріне келіп түскен өтініштерді жан-жақты қарап, қолданыстағы заңнама мен құзыреті аясында шаралар қабылдау тапсырылды.

Министрлік басшылығы азаматтарды жеке қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізіп келеді.