
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасын «Ашық НҚА» ресми интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы хабарлайды.
Жоба келесі сілтеме бойынша қол жетімді:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15543553
Осыған байланысты, Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады, өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды беруді сұраймыз.