Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес, «Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Қаулының жобасы) әзірленді.
Қаулының жобасымен Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерінен жалпы алаңы 57,5559 гектар жер учаскелерi өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер санатына ауыстыру көзделген.
Жерлерді ауыстырудың мақсаты – «Қазақстан - Қытай» магистральды газ құбырының «А», «В», және «С» желілерінің объектілері салу үшін.
Жобаны қабылдау әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.