«Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматында, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін республиканың және бір әкімшілік ауданның (қаланың), облыстың шегіндегі ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшерлерін айқындау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімінің жобасына
баспасөз-релизі
«Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматында, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін республиканың және бір әкімшілік ауданның (қаланың), облыстың шегіндегі ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшерлерін айқындау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 22-01-7.3 (3.18-т.) хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.
Өкім жобасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті мөлшерлерін айқындау үшін сарапшылар мен ғылыми институттарды тарта отырып, жұмыс тобын құру және бекіту үшін әзірленген ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу көзделеді.
Қаулы жобасын іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де салдарларға әкеп соқтырмайды.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі Е. Қарашөкеев