Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Құрметті кеңеске қатысушылар!
1-слайд. Бастапқы бет.
2020 жылға арналған ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының құрылымы
2-слайд.
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын
22,5 млн. гектар алаңға егу жоспарлануда
(бұл 2019 жылғы деңгейден 238 мың гектарға көп).
Бұл ретте дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алаңы 15,2 млн. гектарды (193 мың гектарға кем), оның ішінде бидай алаңы 11,4 млн. гектарды (4 мың гектарға кем) құрайды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында егіс алаңдарын әртараптандыру мен рентабельділігі жоғары дақылдар өндіруге көшу жұмыстары жалғасуда, мәселен, майлы дақылдардың болжамды алаңы 3 млн. гектарды құрайды, бұл өткен жылғыдан 122 мың гектарға көп. Көкөніс-бақша дақылдары мен картоп алаңы 19,3 мың гектарға, азықтық дақылдар алаңы 309 мың гектарға ұлғаяды.
Техникалық дақылдар (қант қызылшасы, мақта, темекі) алаңы 132 мың гектарды (18,6 мың гектарға кем) құрайды.
Қазіргі кезде оңтүстік өңірлер егіс науқанына кірісіп кетті, мәселен, Жамбыл облысында 71,7 мың га алаңға немесе жалпы егіс көлемінің 10,2%-ына, Түркістан облысында 33,5 мың га (4,0%), Алматы облысында
3,4 мың га (0,4%), Қызылорда облысында 2,0 мың га (1,1%) алаңға егіс егілді.
Анықтама ретінде: Солтүстік және орталық өңірлерде жаздық дәнді дақылдарды егу 15-30 мамыр аралығында, батыс және оңтүстік өңірлерде сәуірдің үшінші онкүндігінде және мамырдың бірінші онкүндігінде, шығыс өңірде: таулы аймақта 30 сәуірден 25 мамырға дейінгі аралықта, құрғақ дала аймағында 15-25 мамыр аралығында жүргізіледі. Солтүстік өңірде майлы дақылдарды егу 20-25 мамырда, орталық, батыс және шығыс өңірлерде 5-15 мамыр аралығында, Павлодар облысында 1-15 мамыр аралығында жүзеге асырылады.
Көп жылдық шөптерді егу қар ерігеннен кейін ерте көктемде барлық жерде жүргізіледі.
Тұқыммен қамтамасыз етілу
3-слайд.
Тұқым дайындау мәселесі мен олардың сапалық көрсеткіштері аса маңызды болып табылады.
Облыстар әкімдіктерінің жедел ақпараты бойынша ағымдағы жылдың 16 наурызындағы жағдай бойынша
2,5 млн. тонна тұқым құйылды, бұл жоспардың
100,4%-ын құрайды, оның ішінде 1,9 млн. тонна (жоспардың 101%-ы) дәнді дақылдар тұқымы,
89,4 мың тонна (жоспардың 99%-ы) майлы дақылдар тұқымы, 15,4 мың тонна (жоспардың 96%-ы) азықтық дақылдар тұқымы, 426,4 мың тонна (жоспардың 99%-ы) картоп тұқымы құйылды.
Дәнді дақылдар тұқымы бойынша Ақтөбе облысында (99,7%), майлы дақылдар тұқымы бойынша Шығыс Қазақстан облысында (85%), Қызылорда облысында (87%) және Павлодар облысында (89%) тұқым толық көлемде құйылмаған.
Азықтық дақылдар тұқымдары бойынша тұқым құю пайызы Шығыс Қазақстан облысында төмен, онда жоспарланған көлемнің 64,3%-ы ғана, ал Ақтөбе облысында 96%-ы, Батыс Қазақстан облысында 86%-ы құйылған.
Картоп тұқымы бойынша Қызылорда облысын қоспағанда (0%), тұқым толық көлемде құйылған.
Егіс науқаны басталғанға дейін аталған облыстарда тұқымдардың жетіспейтін көлемін облыс ішінде, республиканың басқа облыстарынан тұқым сатып алу және импорт есебінен толықтыру жоспарлануда.
Фермерлердің отандық және импорттық селекцияның сапалы тұқымдарына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында субсидиялау тетігін өзгерту жоспарлануда. Субсидияны тұқымды Қазақстаннан алғандар да, шетелдік өндірушілерден тікелей сатып алғандар да ала алады. Ескі тетікте бұл көзделмеген еді.
Элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына бірегей тұқым сатып алған жағдайда қолдау көрсетіледі.
Әкімдіктер тұқымның сапалық көрсеткіштеріне, олардың сұрып және егіс сапаларына сәйкестігіне ерекше назар аударуы қажет.
Ағымдағы сәтте құйылған тұқымның жалпы көлемінің 77,4%-ы ғана тексерілді, егіс стандартының талаптарына олардың 56%-ы, оның ішінде 1-сыныпқа 38%-ы,
2-сыныпқа 10%-ы, 3-сыныпқа 8%-ы сәйкес келеді.
Бүгінгі күні дәнді дақылдардың себілетін тұқымдық материалын 100 пайыз өңдеу қамтамасыз етілмейді.
Осыған байланысты облыс әкімдіктеріне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердегі тұқым материалының егіс сапасын уақтылы тексеруді және тұқымдарды дайындау мен дәрілеу бойынша қажетті шаралар қабылдауды ұсынамыз.
Минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етілу
4-слайд.
2019 жылдың қорытындысы бойынша республиканың ауыл шаруашылығы еңбеккерлері 470 мың тонна минералды тыңайтқыш (оның 402 тоннасы немесе 85%-ы – субсидияланған тыңайтқыштар) қолданды. Осы мақсаттарға 19 млрд. теңге сомасында субсидия төленді.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша тыңайтқыштарды қолдану көрсеткіші ғылыми қажеттіліктің 18%-ын құрады.
Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жақсы көрсеткіштер байқалады, аталған облыстар тыңайтқыштарды қолдану көлемін айтарлықтай ұлғайтуда. Сонымен қатар, тыңайтқыштарды аз қолданатын облыстар (Қарағанды және Павлодар облыстары) да бар.
Облыстардың жергілікті бюджеттерінде 2020 жылға 23,3 млрд. теңге көзделген, бұл шамамен 480 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда барлық өңірлерде дерлік субсидиялар нормалары бекітілмеген.
Осыған байланысты, көктемгі дала жұмыстары маусымында ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін тыңайтқыштармен толықтай қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдіктеріне субсидиялар тізбесі мен нормаларын бекітуді жеделдетуді ұсынамыз.
Өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдануға келер болсақ, өткен жылы барлық егіс алаңы гербицидтермен өңделгенін атап өту керек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 27,4 млрд. теңге субсидия сомасына
13,3 млн. литр гербицид қолданды. Ағымдағы жылдан бастап гербицидтер ғана емес, пестицидтердің басқа түрлері де субсидияланатын болады.
Облыстардың жергілікті бюджеттерінде 2020 жылға пестицидтерді субсидиялауға 30,8 млрд. теңге көзделген.
Ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы
5-слайд.
2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республиканың агроөнеркәсіптік кешенінде 143 мың трактор, 4 мың өнімділігі жоғары егіс кешені, 78 мың тұқымсепкіш және 243 мың топырақ өңдеу құралы бар.
Облыстар әкімдіктерінің деректеріне сәйкес
15 наурыздағы жағдай бойынша ағымдағы жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге тракторлардың дайындығы 94%-ды, егіс кешендерінің дайындығы 100%-ды, тұқымсепкіштердің дайындығы 93%-ды, топырақ өңдеу құралдарының дайындығы 95%-ды құрайды.
Жұмыстарды бастауға техника дайындығы 100%-ды құрайды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жұмысында ұзақ кідірістерді болдырмау мақсатында жөндеу бригадалары қалыптастырылады. Сервистік компаниялармен олардың көшпелі сервисін күшейту, сондай-ақ қоймаларды қажетті қосалқы бөлшектермен толтыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.
Жанар-жағармаймен қамтамасыз етілу
6-слайд.
Ағымдағы жылы Энергетика министрлігімен келісім бойынша ақпан-маусым айлары аралығында көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 387 мың тонна дизель отыны бөлінді.
Күрделі ауа-райы жағдайларын ескере отырып, біздің қосымша 10 мың тонна дизель отынын бөлу туралы өтінішімізді Энергетика министрлігі қолдады, бұл барлық өңірлердің дизель отынына деген қажеттілігін толық көлемде өтеуге мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта өңірлердің операторлары шарт жасасу және наурыз айына бөлінген дизель отыны үшін төлем жасау рәсімдерін жүргізуде.
Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру
7-слайд.
«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамына агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен 70 млрд. теңге бюджеттік кредит бөлінді, бұл әдеттегіден 10 млрд. теңгеге көп. Түпкілікті қарыз алушылар үшін жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5%-дан аспайды.
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді екінші деңгейдегі банктердің кепілдігімен тікелей Корпорация арқылы жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ кредит беруді одан әрі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру үшін өңірлік инвестициялық орталықтардың кепілдігімен екінші деңгейдегі банктерді, кредиттік серіктестіктерді, өңірлік инвестициялық орталықтарды және микроқаржы ұйымдарын қорландыру арқылы да жүзеге асыру көзделіп отыр.
3 млн. га егіс алаңын қаржыландырумен қамту, 2 400 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге кредит беру жоспарлануда.
8-слайд.
Қазіргі уақытта 56 млрд. теңге сомасына 1 516 өтінім қабылданды, 22,9 млрд. теңге сомасына 1,4 млн. га алаңды қамтитын 258 өтінім қаржыландырылды.
Жалпы дайындық жоспарлы режимде жүргізілуде және көктемгі дала жұмыстарын жаппай жүргізу кезіндегі барлық бағыттар бойынша дайындық 100%-ды құрайды.
Күзгі-қысқы кезеңде ылғал жинау
Гидромет қызметінің деректері бойынша топырақтың жоғарғы қабатындағы күзгі ылғалдың нақты қоры
2019 жылғы деңгейден жоғары.
Елдің солтүстігінде қар жамылғысының биіктігі –
4-60 см, солтүстік-батысында – 4-36 см, батысында
– 5-12 см, орталығында – 6-47 см, шығысында – 4-126 см, оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарында – 1-59 см.
Ағымдағы жылы топырақтың 1 метр қабатындағы көктемгі өнімді ылғал қоры 105 мм және одан жоғары деңгейде болады деп күтіліп отыр, бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуі мен дамуына оңтайлы әсер етеді.
Назарларыңызға рахмет!