«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 және «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы бойынша
баспасөз-релизі
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 және «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы.
Қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының төрт және бесінші абзацына сәйкес келтіру негіз болып табылады.
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық зардаптарға әкеліп соқпайды.
Қаулыны жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығыстарды талап етпейді.