«Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес, «Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Қаулының жобасы) әзірленді.
Қаулының жобасымен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жасыл аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Аршалы ауданы Ақмола облысы аумағындағы орман қоры жерлері санатынан жалпы алаңы 0,0283 гектар жер учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.
Жерлерді ауыстырудың мақсаты – жер учаскелерін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының №29 кран торабына ВЛ-10кВ электр беру желілерін салу үшін беру мақсатында туындайды.
Жобаны қабылдау әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.