«Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес, «Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Қаулының жобасы) әзірленді.
Қаулының жобасымен «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Кеңес» орман шаруашылығы мекемесі», «Краснобор» орман шаруашылығы мекемесі» және «Ақкөл» орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерінен жалпы алаңы 312,94 гектар гектар жер учаскесі елді мекендер шекараларының (шегінің) өзгеруіне байланысты елді мекендер жерлері санатына ауыстырылсын.
Жерлерді ауыстырудың мақсаты – орман қоры жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру қажеттігі жер учаскесін одан әрі елді мекеннің (Ақкөл ауданы, Айдарлы, Ақкөл, Кеңес және Талқара) шекараларын өзгерту үшін беру мақсатында туындап отыр.
Жобаны қабылдау әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.