Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрық жобасына баспасөз-релизі
Бұйрық жобасын әзірлеу үшін негіз болып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы және «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы №495 Жарлығы табылады.
Бұйрық жобасын қабылдау кері әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Бұйрық жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылай шығыстарды талап етпейді.