«Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді.
Аталған Үкіметтің қаулы жобасымен «Темір орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерінен жалпы алаңы 0,3640 гектар жер учаскелерi өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер санатына ауыстыру көзделген.
Жерлерді ауыстырудың мақсаты – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы ӘЖ-110 кВ ЖГТС-«Кенкияқ» 110/35/10 кВ ШС электр беру желілерінің құрылысы.
Жобаны қабылдау әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.