«Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа
санаттағы жерге ауыстыру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы бойынша баспасөз-релизі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 130-бабына және 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң 51-бабына сәйкес «Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді.
Жобамен Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы «Павлодар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекеме» мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерлерінен Павлодар қаласының бас жоспарына сәйкес жалпы алаңы 0,3909 гектар жер учаскелері ВЛ 220кВ трек бағаналарның қүрылыс ұшін орман қоры жері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерінің санатына ауыстырылсын.
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық зардаптарға әкеліп соқпайды.
Қаулыны жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығыстарды талап етпейді.