Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Құрметті Үкімет мүшелері! 2018 жылғы егістік алқап құрылымы Алдын ала деректер бойынша ағымдағы жылы жалпы егістік алқап 21,8 млн. гектарды құрамақ, бұл іс жүзінде өткен жылғы деңгейде. 2-слайд. Дәнді дақылдарды 14,7 млн. гектарға, оның ішінде бидайды 11,4 млн. гектарға себу жоспарлануда, бұл 2017 жылғыдан 544 мың гектарға кем. Бұл ретте жемшөп дақылдары осы көлемге көбейетін болады, жемдік дәнді дақылдар 2,5 млн. гектарға себіледі, бұл өткен жылғыдан 49 мың гектарға артық. Майлы дақылдар 2,6 млн. гектарды құрайды. Картоп алқабы да оң өсу динамикасын көрсетіп, 210 мың гектарды құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 15% артық. Көктемгі егісті жүргізу барысы Қазіргі таңда көктемгі егіс барлық жерде толық қарқынмен жүріп жатыр. 21 мамырға жаздық дәнді дақылдар жоспарланған алқаптың 31%-на, майлы дақылдар – 50%-на, көкөніс-бақша дақылдары – 77%-на, картоп – 55%-на себілді. Қант қызылшасы мен мақтаны себу аяқталды. 3-слайд. Ауа райының салқындығынан және топырақтың кеш қызуына байланысты себу жұмыстарының қарқыны өткен жылдағыдан біршама төмен болуда. Осыған байланысты себу жұмыстарын оңтайлы мерзімде аяқтау үшін техниканы жоғарғы өнімділікпен пайдалануды қамтамасыз ету шараларын қабылдау қажет. Тұқыммен қамтамсыз ету Ағымдағы жылғы өнімге 2,6 млн. тонна тұқым дайындалды. 4-слайд. Ағымдағы жылы шаруалар көктемде тұқым шаруашылығынан/тұқым сатушыдан 1 репродукциялы тұқымды немесе элиталық тұқымды ең төменгі норма бойынша тегін алуды көздейтін тұқым шаруашылығын субсидиялаудың жаңа тетігі іске асырылатын болады. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы элиталық тұқым шаруашылығына, тұқым шаруашылығына немесе тұқым сатушыға босатылған тұқымның толық құнынын норма бойынша өтейді. Бұл ретте шаруа күзде егінді жинап болғаннан кейін Тұқым шаруашылығын дамыту қорына тұқым құнының 30% қайтаратын болады, қор қайтарылған қаражатты жинақтайды және оны аттестатталған тұқым өндірушілер үшін төменгі пайыздық мөлшерлемемен (1-2%) негізгі құралды (техника мен жабдық) сатып алу мен жаңартуды қаржыландыруға бағыттайды. Бұл тетікті іске асыру 2021 жылға қарай 3 репродукциядан төмен емес тұқыммен 100% себуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кәзіргі кезде Тұқым шаруашылығын субсидиялау қағидаларының жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісу рәсімін өтуде. Минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз ету 2018 жылға аграрийлер 446 мың тонна тыңайтқышқа, оның ішінде көктемгі дала жұмыстары кезеңіне 270 мың тоннаға өтінім берді. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттерде 17 млрд. теңге көзделген. Ағымдағы жылғы 16 мамырға 93 мың тонна тыңайтқыш немесе өтінім берілген көлемінен 21% аграрийлерге жеткізілді. Ағымдағы жылғы субсидияны алуға өтінім беру және оларға төлем жүргізу электронды түрде жүзеге асырылады, яғни субсидиялау процессі толық автоматтандырылған. 16 мамырға субсидия алуға 7,4 млрд. теңгеге 11,5 мың өтінім берілді. Сонымен бірге, бөлінген қаражат өтінім берілген тыңайтқыш көлемін қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Осыған орай облыс әкімдіктеріне тыңайтқыштарды субсидиялауға арналған бюджеттік қаражат көлемін ұлғайтуды ұсынамыз. Бұдан басқа Ақмола облысының әкімдігі осы уақытқа дейін өтінімдер қабылдамауда, себебі субсидия нормалары бекітілмеген. Осыған байланысты Ақмола облысының әкімдігіне субсидия нормаларын бекітуді тездетуді ұсынамыз. Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы Республикада 142,6 мың трактор, 3,7 мың себу кешені, 82,5 мың тұқым сепкіш, 297 мың топырақ өңдеу құралдары бар. 5-слайд. 15 мамырға көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге тракторлардың дайындығы 97%-ды, себу кешендерінің дайындығы 100%-ды, тұқым сепкіштердің дайындығы 100%-ды, топырақ өңдеу құралдарының дайындығы 100%-ды құрайды. Жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету Ағымдағы жылы шаруалардың көктемгі дала жұмыстарына дизель отынына қажеттілігі 375 мың тоннаны құрайды. 6-слайд. Энергетика министрлігімен бірлесіп, ағымдағы жылғы ақпан-маусым айлары кезеңіне Өңірлерге дизель отынын жеткізу кестесі бекітілді. Энергетика министрлігі сәуір-мамыр айларына мұнай өңдеу зауыттарынан шығару бағасын литріне 134 теңгеден (тоннасы 161 мың теңге) белгіледі, бұл ретте операторлардың жеткізу шығынын ескерумен өңірлердегі орташа баға литріне 150 теңгені құрайды, бұл нарықтағы бағадан (жанармай құю станцияларында литріне 165 теңге) 9%-ға арзан. Ағымдағы жылғы 21 мамырға Кестеге сәйкес мамыр айына 117 мың тонна жоспарланған, оның 101 мың тоннасына (87%) келісім-шарт жасалды, 73 мың тоннасы (63%) төленді, 50 мың тоннасы (43%) тиеп жөнелтілді. Назарларыңызға рахмет!