Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Құрметті Үкімет мүшелері! Ағымдағы жылдың өрт қаупі бар маусымында мемлекеттік орман иеленушілердің орман өрттерін жоюға дайындығы туралы баяндап беруге рұқсат етіңіздер. Еліміздің мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 29,8 млн. гектарды құрайды, оның ішінде: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 6,8 млн. гектар, бұл МОҚ-дың жалпы алаңының 22,9 % құрайды; облыстар әкімдіктерінің қарауында 22,7 млн. гектар алқап немесе жалпы МОҚ алаңының 76 % бекітіліп берілген. 1-слайд. 2017 жылы республиканың МОҚ аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында 13 368,6 га алқапта орман өрттерінің 563 оқиғасы орын алды, оның ішінде орман көмкерген алқап 6179,65 га құрап, олардың 80% жас талдар мен орта жастағы орман екпелері болды. Орман өрттерінен келген залал – 215,5 млн. теңге. 2-слайд. Орман өрттеріне үлкен алқаптарда Жамбыл, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының орман және табиғат қорғау мекемелерінде жол берілді. 3-слайд. Министрлік жол берілген барлық ірі орман өрттері бойынша қызметтік тексерулер жүргізді. Тексеру нәтижелері өрттің үлкен аумақтарға таралуының негізгі себебі орман мекемелерінің әлсіз материалдық-техникалық базасы, сондай-ақ өрт бақылау мұнараларының жоқтығы болып табылатынын көрсетті. Аталған мәселелер бойынша облыстар әкімдіктеріне орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту жөнінде тиісті ұсынымдар берілді. Осының нәтижесінде облыстар әкімдіктері өткен жылы материалдық-техникалық жарақтандыруға 1 118,2 млн.теңге қаражат бөлді. 4-слайд. Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері барынша нашар жарақтандырылған. 5-слайд. Орман өрттерін тез сөндірудің елеулі факторларының бірі оларды дер кезінде байқау болып табылады. Бірқатар облыстарда орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері өрт бақылау мұнараларымен осы уақытқа дейін жарақтандырылмаған. 6-слайд. 2018 жылдың өрт қаупі бар маусымына дайындық кезінде Министрлікте әзірлік іс-шараларының кешені өткізілді. Қазақстан Республикасы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліді, сондай-ақ облыстар әкімдіктерінің орман шаруашылығы құрылымдық бөлімшелерінің, АШМ табиғат қорғау мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының орман өрттерімен күрес бойынша өзара іс-қимыл жоспарлары келісімделді. 244 дана өрт сөндіру автомашинасы жөнделіп жауынгерлік дайындық жағдайына келтірілді, сондай-ақ 460 дана дөңгелекті тракторлар пайдалануға дайын. 284 тонна бензин және 260,9 тонна дизель отыны мөлшерінде жанар-жағармай материалдарының қоры жасалды. Ормандардағы өрт жағдайы туралы ақпаратты жедел қабылдап алу және беру, орман өрттерін сөндіру жөніндегі іс-әрекетті үйлестіріп отыру үшін Республикалық диспетчерлік орталықта тәулік бойы кезекшілік атқару ұйымдастырылған, бұл орайда орман өрттері туралы жедел ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК Республикалық дағдарыс орталығына беру қамтамасыз етілген. «Ғарыш сапары» АҚ–мен бірлесіп орман өрттері болған орман қоры алқаптарына ғарыштық мониторинг жүргізу мәселесі пысықталды. Орман өрттерін шағын аумақтарда анықтау және жою мақсатында ағымдағы жылы «Қазавиаорманқорғау» РМҚК күшімен республиканың 8 облысында 8 млн. 869 мың гектар алқапта немесе республиканың мемлекеттік орман қоры аумағының 30%-ында авиациямен қарауылдау жүзеге асырылатын болады. 7-слайд. Ормандарды өртке қарсы жабдықтаудың бас сызбаларына және орман орналастыру материалдарына сәйкес биыл ұзындығы 10,0 мың шақырымнан асатын жаңа өртке қарсы минералды жолақтар тарту жоспарлануда. Ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында барлық 149 мемлекеттік орман иеленушіні олардың 2018 жылдың өрт қаупі бар маусымына дайындығы бойынша тексеру жүргізілді. Үстіміздегі жылдың өрт қаупі бар маусымына барынша нашар дайындық Батыс Қазақстан, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында орын алып отырғаны анықталды (өрт сөндіру техникасымен және жабдықтармен жарақтану деңгейінің төмен болуы, орнықты радио байланысының жоқтығы, жеке құрам өртке қарсы киіммен қамтамасыз етілмеген және т.б.). Жоғарыда баяндалғандарға байланысты: – облыс әкімдіктеріне орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерін өртке қарсы техника мен құрал-жабдықтармен жабдықтау бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды; – орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерін орман орналастыру материалдарына сәйкес үлгілік өрт-бақылау мұнараларымен жарақтандыруға қаржы бөлуді; – орман мекемелерінің басшыларымен ірі орман өрттеріне жол бергені үшін олардың жауапкершілігіне қатысты шарттарды қайта қарауды ұсынамын. Баяндамамды аяқтай келіп, құрметті Бақытжан Әбдірұлы, мемлекеттік орман иеленушілердің ағымдағы жылы орман өрттерінің үлкен алқаптарға таралуына жол бермеу жөнінде барлық шараларды қолданатынына сендіргім келеді. Назарларыңызға рахмет!