Құрметті Бахытжан Әбдірұлы! Құрметті Үкімет мүшелері және отырысқа қатысушылар! Су шаруашылығы инфрақұрылымдарды қалпына келтіруді қаржыландыру мәселелері бойынша осы уақытқа дейін біз бюджеттік инвестицияларға сеніп едік. Бұл тәсілмен бізге 100 жылға жуық уақыт керек болар еді. Қазіргі уақытта жаңа суармалы жерлерді қалпына келтіру және пайдалануға енгізуге қатысты қарау ұсынылады. Жобадағы алаңдар тек қана мемлекеттік органдармен ғана емес, бірінші кезекте бизнеспен анықталатын болады, ол енгізілетін жерлерді іріктеудегі жауапкершілікті арттырады. Жеке инвестор кім ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен шұғылданады, не өсіріледі және алынатын өнім қалай ұйымдастырылатындығы жөнінде барлық мәселелерді қарастырады. Жаңа әдіске инвестицияның кейін қайтарылуын қамтамасыз ететін тарифтік саясатты дұрыс құру маңызды. Салаға алдағы 9-10 жылда 1,23 трлн.теңге инвестиция тартылатын болады және суарылатын жерлердің алаңы 3,5 млн. га жетеді, бітік өнім көлемі 3,7 трлн.теңгені құрайды. Үкіметтің кеңесіне ұсынбас бұрын, Іс-шаралар жоспары түрлі орындарда: бірінші кезекте, барлық өңірлердегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен, ірі бизнес құрылымдарымен, Халықаралық қаржылық ұйымдармен, (Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Ато Браун «Бұл әуен менің құлақтарым арналған» деп атап өткендей), Алматы қаласында ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Орталық-Азия Агротехнологиялық саммитте талқыланды. Барлық орындарда жаңа әдіс толығымен қолдау тапты. Баяндама мен презентацияда мемлекеттік қолдау құралдарында ұсынылған модельдің алдын ала есептері мен қажеттілігі көрсетілді. Бұл Үкіметтің мемлекеттік кепілдігі мен Қаржы министрлігінің кепілгерлігі. Нақты цирфларды біз техника-экономикалық негіздемені аяқтағаннан кейін (2019 жыл сәуір) аламыз, алайда хаттама үшін индикативтік түрде Бағдарламаның қажеттілігін тағы да атап өтемін. Бұл Қаржыминінің 1,5 трлн.теңгеге кепілгерлігі және Мемкепілдік 150,0 млрд. теңгеге. Қолдау көрсетулеріңізді сұраймын.