Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Министрлік «Еңбек» Мемлекеттік Бағдарламасының екінші бағытының шеңберінде еншілес құрылымдары ҚазАгро арқылы ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес-жобаларды іске асыруға арналған кредиттер/микрокредиттер беру бойынша жұмыс жүргізеді. Осы мақсаттарға 2018 жылы 44,7 млрд. теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлінді, оның ішінде 13,9 млрд. теңге , «Президенттің Бес әлеуметтік бастамалары» төртінші бастамасын іске асыру аясында қосымша бөлінген қаражат. Анықтама: Төртінші бастама – микрокредит беруді кеңейту: "...тапсырамын 2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөлініп микрокредит берудің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге дейін жеткізу. Нәтижесінде жалпы микрокредит берумен қамту 14 мың адамнан астам құрайды, бұл 2017 жылдың деңгейінен екі есе асады." Осы қаражатты игеру 2018 жылғы желтоқсанның екінші онкүндігінде аяқталды, 12 569 микрокредит берілді (жоспар-11 000), оның ішінде: зәкірлік кооперацияның 9,1 млрд. теңге сомасына 1029 жобасына; Бастау Бизнес бағдарлама бойынша 22,4 млрд. теңге 6 699 жоба, оның ішінде 2017 жылы оқытылғандар – 3,9 млрд. теңгеге 1 086 жоба; 31,2 млрд. теңге сомасына 9 817 стартап жоба қаржыландырылған; Жалпы микрокредит алушылармен 12 671 жұмыс орны қосымша құрылды. Экономика салаларының бөлінісінде мал шаруашылығын дамытуға – 82% (9 115), өсімдік шаруашылығына – 1% (157), тауарлық балық, ара шаруашылығына – 0,5% - ға (44), ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес түрлеріне (сауда, монша, шаштараз, ТҚС және т. б.) – 16,5% (1838) микрокредиттер берілді. Сондай-ақ, Бағдарлама шеңберінде Микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер арқылы берілетін микрокредиттерді кепілдендіру механизмі қарастырылған, "ҚазАгроКепіл" АҚ оператор болып табылады. Нәтижесінде, 2018 жылы 1,6 млрд. теңге сомасына 553 кепілдік берілді. Осылайша, Төртінші әлеуметтік бастаманы іске асыру толығымен қамтамасыз етілген. 2019 жылы Бағдарламаны іске асыру үшін 44,7 млрд. теңге сомасына бюджеттік кредит қарастырылды. Осы қаражат есебінен 2019 жылы 12 000 микрокредит беру жоспарланып отыр, оның ішінде бастапқы бизнеске 2 400 микрокредит. Анықтама: қарастырылғанжалпы сипаттағы трансферттің аясында бюджеттен 5 млрд. теңге қосымша бөлінеді Қазіргі уақытта қаржыландыру уақытылы басталу үшін 2019 жылы Министрлікпен ағымдағы айдың басынан бастап, бюджеттік кредит беруге үш жақты шарттар бойынша келісу жұмысы басталды. Қазіргі таңда аталған шарттардың жобалары келісу үшін қаржы министрлігінде. Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, ауыл тұрғындарына микрокредит беру және "Бастау Бизнес" бағдарлама аясында оқыту жобасы белгіленген жоспарларға сәйкес жалғасатын болады. Назарларыңызға рахмет!