Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңесіне «2019 жылдың тасқын су кезеңіне орталық және атқарушы органдардың дайындығы жөнінде» мәселе бойынша Су ресурстары комитетінің төрағасы И.А. Әбішевтің баяндамасы

Тасқын суларды жинау жоспары бойынша және 2019 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.
Жоспарға сәйкес 2017-2025 жылдар кезеңінде орталық және жергілікті атқарушы органдармен 296 жобаны іске асыруды жоспарлады, оның ішінде 30 жоба (10 млн. м3 жоғары) республикалық бюджет есебінен, – 266 жоба (10 млн. м3 жоғары) жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.
1-слайд. РБ есебінен қаржыландырылатын Жоспардың шаралары АӨК дамытудың мембағдарламасына жинақталған, көзделген 30 іс-шараның орындалуы келесідей: 
- әзірленуі жоспарланған 25 ТЭН – барлығы әзірленді;
- әзірленуі жоспарланған 21 ЖСҚ – 9 әзірленді;
- іске асырылуы жоспарланған 30 жобалардың – 3 орындалды.
Қазіргі кезде жоғарыда аталған жобалардың іске асырылуы АӨК дамытудың мембағдарламасы аясында орындалуда.
2-слайд. ЖБ есебінен қаржыландырылатын 258 жобалардың орындалуы келесідей: 
- әзірленуі жоспарланған 33 ТЭН – 23 әзірленді;
- әзірленуі жоспарланған 165 ЖСҚ – 78 әзірленді;
- іске асырылуы жоспарланған 182 жобалардың – 80 орындалды.
Жобалардың уақытылы орындалмауының негізгі себебі қаражаттың белгіленген мерзімде бөлінбеуі болып табылады.
3-слайд. Тасқын судың ықтимал қауіпін болдырмау үшін құрылыс және басқада инерттік материалдардың қоры дайындалған, сондай-ақ тиісті техника мен механизмдер дайындалған.
«Қазсушар» РМК тасқын су құбылыстарына байланысты төтенше жағдайлар үшін 32,2 мың тонна көлемінде инерттік материалдардың, 2,0 мың м3 ұсақ тас, 205 тонна жанар-жағармай материалдары, 34,19 мың қаптардың апаттық қоры құрылған, сондай-ақ 439 бірлік арнайы техника дайындалған.
4-слайд. Әр су қоймасы үшін Гидротехникалық құрылыстарды пайдалану қағидаларына сәйкес тасқын су кезеңіне дайындалу шеңберінде су қоймасының толуы және күтілген судың келуіне байланысты жұмыс режимінің кестелері әзірленген және облыс әкімдіктерімен келісілген.
Бұдан басқа, «Казгидромет» РМК консультативтік болжамын алғаннан кейін қарқынды түрде су тасқыны кезінде маневрлеу және тасқын суды жинау үшін су қоймаларына су көлемдерін біртіндеп төмендету туралы тапсырма берілді. Сонымен қатар суды бұру су қоймасынан төмен мұз жағдайын ескеріп жүзеге асырылатын болады.
Гидротехникалық құрылыстар арқылы тасқын суларды апатсыз өткізу мақсатында Су ресурстары комитетінде тасқын су кезеңінде тасқын суға қарсы комиссия құрылды. Осындай комиссиялар Бассейндік инспекцияларда, «Қазсушар» РМК мен оның филиалдарында құрылған.
Су қоймалары жұмысының режиміне күнделікті мониторинг белгіленген, барлық республикалық объектілерінде тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылған.
Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар жобалық өткізу мүмкіндіктеріне дейін тасқын судың жоғарғы шығындарын қабылдау үшін дайын болуы тиіс.
Осы жағдайды пайдаланып жергілікті атқарушы органдарды өзендер арналары мен каналдарына тазалау өткізуге көңіл бөлулерін атап өткім келеді. Мысалы, Астана қаласы мен Аршалы ауданының әкімдіктерімен бірлесіп Жібек жолы кентінің учаскесінде Есіл өзені арнасын тазалау бойынша жұмысты өткізуде.
Бұрын елді мекендер оның ішінде саяжайлар, демалыс орындары өзеннің жайылма учаскесінде салынған, оларды салыстырмалы түрде жоғары емес су тасқыны шығыстарында су басып қалады. Мысалы, Қарағанды облысында Самарқанд су қоймасынан 300-400 м3/сек су жіберілгенде Чкалов ауылын – 50 пәтер/120 адам, Садовое ауылын – 46 пәтер/211 адам су басу қаупі туындайды. 500-600 м3/сек су жіберілгенде Чкалов ауылын – 66 пәтер/120 адам, Садовое ауылын – 46 пәтер/211 адам, Ақтөбе ауылын – 16 пәтер/72 адам су басу қаупі туындайды. Бұқтырма су қоймасындағы демалыс аймағы су қоймасының шарасында орналасқан. 
Осыған баланысты жергілікті атқарушы органдарға оларды басқа жерге көшіру немесе су тасқынынан қорғаныш дамбаларын салу жөнінде шараларды қабылдауы қажет.
5-слайд.  2019 жылғы көктемгі тасқын су кезеңіне дайындалу мақсатында Бассейндік инспекцияларымен төтенше жағдайлар, экология, жергілікті атқарушы органдардың және «Қазсушар» РМК филиалдары өкілдерінің құрамында ГТҚ зерттеу бойынша жұмыс тобы құрылды. Осы жұмыс тобы 1136 гидротехникалық құрылыстарға визуалды зерттеуді жүргізді. Зерттеу барысында 453 ГТҚ жөндеуді талап ететіндігі анықталды.
Слайдта көрсетілгендей, жөндеуді талап ететін ГТҚ негізгі бөлігі коммуналдық меншікте тұр. Бұл жағдай бірінші кезекте ГТҚ қалыпты жағдайда ұстау бойынша жұмыстарға қаржының жетіспеуіне байланысты.
Комитеттің Бассейндік инспекцияларымен анықталған деректер бойынша Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларымен анықталған қажетті іс-шараларды өткізу туралы, сондай-ақ тасқын суларды қауіпсіз өткізу үшін ГТҚ дайындауға ұсыныстар жолданған.
6-слайд. Су кодексінің 39-бабына сәйкес гидротехникалық құрылыстардың (бұдан әрі – ГТҚ) иесіз болуына анықтау міндеті және оларды теңгерімге қабылдау жергілікті атқарушы органдарға (бұдан әрі – ЖАО) жүктелген. Комитет бұл мәселені бақылауда ұстайды. ЖАО өткізген жұмыстар туралы ақпарат әр үш ай сайын беріледі.

Сонымен 2018 жылы ЖАО Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелерімен және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялармен өзара белсенді іс-әрекет арқылы 49 иесіз ГТҚ анықталды, оның ішінде: 16 коммуналдық меншікке қабылданды және 5 ГТҚ меншік иелері анықталды. 2019 жылғы 1 ақпандағы нақты жағдай бойынша 28 ГТҚ иесіз болып есептеледі, олар бойынша келесі жұмыстар жүргізілуде:
- 14 әділет органдарына есепке қойылды және 2019 жылы ГТҚ коммуналдық меншікке беру бойынша рәсімдер өткізілетін болады (Алматы – 3, Ақмола – 1, Қарағанды -7, Маңғыстау-3);
- 10 ГТҚ иесіз ретінде есепке қою үшін құқық беретін құжаттарды қалпына келтіру және экономикалық маңызды болмағандықтан оларды жою мүмкіндігін анықтау бойынша іс-шаралар өткізілуде (Маңғыстау облысы);
- 2 шаруашылық құндылығы болмағандықта, мүдделі мемлекеттік органдардың құрамында комиссия оны жою туралы шешім қабылдады, су реттеуші құрылысты бөлшектеу жүргізілді және су бұру жүзеге асырылды (Алматы облысы);
-1 ГТҚ бойынша ЖАО тіркелген суару алаңдары болуына байланысты қалпына келтіру мақсатында қаржылық қаражат бөлу туралы және оны әрі қарай әділет органдарында есепке алу туралы мәселе шешілуде (Алматы облысы);
- 1 ГТҚ бойынша коммуналдық меншікке беру бойынша сот өндірісі жүруде (Алматы облысы).
Слайды 7-8. Нұра, Есіл (Астана суқойм. дейін), Тобыл және Тоғызақ өзендері бассейндерінде, сондай-ақ БҚО өзендерінің бассейндерінде болжамға сәйкес ылғал қорының көлемдері нормадан жоғары.  Басқа өзендер бассейндерінде ылғал қорының көлемдері норма шегінде немесе төмен.
Ал Талас Алатауының солтүстік батыс сілемдерінде (Түркістан обл.), Солтүстік Іле Алатауында, ШҚО Тарбағатай жотасының оңтүстік батыс бөктерінде, сондай-ақ Бұқтырма су қоймасының аймағында және Ертіс өзенінің оң жағалау сағаларында қар қоры 30-35 % нормадан жоғары.
Сонымен қатар қардың жиналуы жалғасуда, және ақпанда, наурызда және сәуірде қардың айлық нормасы түсуі мүмкін.
Бұл жерде, болжамда шекаралас елдер аумағынан келетін тасқын су көлемдері көрсетілмегенін атап өту қажет.
Сонымен қатар, су алу лимиттері мен жұмыс режимдері а.ж. наурыз айында шекаралас елдердің бірлескен комиссиялары отырыстарында бекітілетін болады.
Шекаралас елдердің су шаруашылығы саясатына байланысты кейбір жылдарда бірлескен комиссиялардың отырысы сәуір айында немесе тіпті мамыр айында өткізілгенін атап өтемін. Бұл жағдай күтпеген төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін.
«Казгидромет» РМК біздің хабарласуымыздан кейін Амудария және Сырдария өзендерінің бассейндеріндегі қардың көлемі туралы анықтаманы қосымша ұсынды.
Осыған байланысты «Казгидромет» РМК тасқын су көлемін анықтау бойынша шекаралас елдердің гидрометеорологиялық қызметтерімен жұмысты белсенді жүргізу қажет деп санаймыз.
9-слайд. Мысалы, ағымдағы жылы Шардара су қоймасын алдағы вегетациялық кезеңге қажетті суды жинақтау мақсатында  82 %-ға толтырылды.
2017 жылғы наурызда Шардара су қоймасына су орташа көпжылдық мөлшерде келді. Алайда сәуір айында 2000 м3/сек аса жоғары су өтімдері келіп түсті. Түркістан және Қызылорда облыстары әкімдіктерімен бірлескен жұмыстардың арқасында су тасқынын ешқандай шығынсыз өткізілді, нәтижесінде қажетті су қоры жинақталды, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар толығымен сумен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, ТЖ және Қазгидромет РМК әр түрлі деңгейдегі жиналыстарда Шардара су қоймасында су жинамау туралы ұсынымдарын берді және Шардара су қоймасының режимі осы ұсынымдарға сәйкес белгіленді. Нәтижесінде 2018 жылғы 1 сәуірге жетіспейтін су қоры 1,0 км3 құрады және жазда Қызылорда облысы қатты су тапшылығын бастан өткерді.
Жалпы бүгінгі күні республикалық меншіктегі объектілерде су шаруашылығы жағдайы тұрақты және үнемі бақылауға алынды.
10-слайд. 2008 жылдан бастап 2018 жылға дейін аралықта 20 ірі тасқын су жағдайы болған. Барлық осы тасқын су жағдайлары кезінде республикалық меншіктегі барлық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеді, ешқандай өрескел жағдай болмаған. Сонымен қатар Су ресурстары комитетінің және «Қазсушар» РМК бірде-бір қызметкері жауапкершілікке тартылмаған (2018 жылғы Семей қаласындағы тасқын су жағдайынан басқа).
Осы уақыттың ішінде СРК қызметкерлеріне қатысты 2 қылмыстық іс қозғалған (Алматы облысыныдағы Қызылағаш және Қарағанды облысындағы Көкпекті су қоймалары бойынша). Алайда, аталған қылмыстық істер бойынша тергеу жұмыстарының барысында СРК–нің айыпталған қызметкерлерінен кінәлі деп танылмауына байланысты тоқтатылған.
Барлық осы фактілер СРК және оның ведомствалық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне қатысты арынды су бұрудағы жауапқа тартулары негізсіз екені куәландырады.
Семей қаласындағы тасқын су жағдайы бойынша бүгінгі күні «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Бассейндік инспекция) лауазымдық тұлғаларына қатысты екі сот отырысы өтті.
Сонымен, 2018 жылдың 17 қыркүйегі Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының №2 сот шешімімен Семей аумақтық бөлімінің басшысы М.А. Мұздыбаев айыпсыз деп танылған, алайда арыздану нәтижесінде 2018 жылы 6 қарашада Шығыс Қазақстан облыстың сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының № 6399-18-0-1а/606 шешімімен М.А. Мұздыбаев айыпты ден танылды.
Сот шешімімен М.А. Мұздыбаев келіспейді және қазіргі уақытта заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына қылмыстық істер жөніндегі кассациялық алқасына сот шешіміне шағым дайындалуда.
Жалпы туындаған жағдай М.А. Мұздыбаевтың дұрыс емес іс-әрекеті деп талдауды негізсіз деп санаймыз, оны қолайсыз табиғи құбылыстың туындауы жағынан қарастыру қажет, себебі ҚР Премьер-Министрінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 46-ө өкімімен Шығыс қазақстан облысының Аягөз, Глубоковский, Зыряновский және Шемонаихинский аудандарында және Семей қаласында өңірлік масштабтағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай ретінде жарияланған.
Өз кезегінде, Инспекция өз хаттарымен Семей қаласының әкімдігін жоғарғы көлемдегі су ағысы келуі жалғасқан жағдайда Шүлбі су қоймасынан су тастаудың ұлғаю мүмкіндігі туралы ескерткен және максималды шығын келтірмеу үшін су қоймасынан суды ұстау бойынша барлық шаралар қабылданған.
слайд 11. Бұл слайдта Семей қаласының әкімі тасқын су жағдайын мониторингілеуді көмекшісі Б. Түсіповке тапсырған, ол мониторингті толық жүргізбегенін көріп отырсыздар. Семей қаласының әкімдігі 2018 жылы 25 желтоқсанда бірінші хатты алғаннан кейін тиісті іс-шаралар қабылдағанда, тасқын су жағдайының салдарын болдырмауға болар еді.
слайд 12. Бұл слайдта  Үстіңгі-Ертіс су қоймаларының каскады су ресурстарын пайдалану қағидасынан үзінді келтірілген. Қағиданың 43- тармағына сәйкес, су тасу ықтималдылығы 1% және Шүлбі гидроторабы арқылы НПУ 240 м тасмылдау арқылы өткізеді. Максималды су тастау шығындары 1% жоғары болу ықтималдылығы және 10% тең болады, сәйкесінше 7770 м3/сек және 5590 м3/сек.
Пайдалану қағидаларына сәйкес су тасу кезінде су қоймасы 240,0 м белгісінен асқаннан кейін транзиттік режимде жұмыс істеуі тиіс, яғни су тастауды 1800 м3/сек емес 2580 м3/сек дейін шығынмен жүзеге асыруы тиіс.
Егер Бассейндік инспекциялардың қызметкерлерін айыптаса, онда 1800 м3/сек шығынмен су тастауды жүзеге асырғаны үшін емес, керісінше 2580 м3/сек шығынымен су тастауды жүзеге асырмағаны үшін айыпты ретінде жазалау қажет еді. Яғни, Пайдалану қағидасының талаптарын орындамағаны үшін, оған сәйкес бұл жағдайда транзитпен су жіберу қажет. Сонымен катастрофалы салдары бар су қоймасының бұзылу қауіпін туындатты.
слайд 13. Тасқын су жағдайын талдау үшін айыпталушы жақ ретінде «Су-жоба» ЖШС маманы – В.Г. Капырин тартылды, ол 08.06.18ж. қорытынды берген, онда 29.03.18ж. орташа тәуліктік су тастау 1000 м3/с белгіленгенде көлемі 2,9567 км3 жетеді, ал ВБ деңгейінің белгісі 242,03 мБС. Бұл ФПУ 243,00 мБС белгісінен 0,97 м төмен., су жіберуден артық ағысты қауіпсіз жинақтауды қамтамасыз етті.
слайд 14. Алайда, ұсынылған режимді сақтағанда В.Г. Капырин Шүлбі су қоймасының көлемі 4.04.18ж. белгіленген көлемнен жоғары болар еді, ол апатты жағдайларға, Шүлбі су қоймасының бұзылуына әкелер еді. Су қоймасы бұзылған жағдайда Семей қаласы мен ШҚО және Павлодар облысының басқада елді мекендері су астында қалар еді.
слайд 15. Бұл слайдта Тихомир затоны ауданындағы Ертіс өзенінің схемасы келтірілген. Ертіс өзенінен су Тихомир затонына кері жақтан келетіні байқалады.
слайд 16. Жоғарыда атап өткендей, Семей қаласының әкімдігі 2018 жылғы 25 желтоқсанда бірінші хатты алғанк езде тиісті іс-шараларды қабылдаған жағдайда тасқын су жағдайының салдарын болдырмауға болар еді.
Ені 3,0 метр, биіктігі 3 метр, ұзындығы 30-40 метр бетон блоктардан (ФБС-24-6-6т, Д238см×Ш60×В58см) қоршау бөгеттерді орнатқан жағдайда шығын шамамен – 15,75 млн.теңгені құрайтын еді.  
12 (ұзындығы)*5 (биіктігі)*5 (ені) =300 дана.
300 * 5000 = 1.5 млн.теңге
Назарларыңызға рахмет.

Дата публикации
12 февраля 2019
Дата обновления
12 февраля 2019
Тип
Баяндама

Сейчас читают

29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы