Меню

Страницы

Статья

Доклад Министра сельского хозяйства РК Омарова С.К. на пресс-конференции «О реализации поручений Президента, данных на съезде партии «Нұр Отан»

Агроөнеркәсіптік кешенді табысты дамыту мақсатында өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы өзектендірілді. Бағдарлама шеңберінде 2022 жылға қарай еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортының көлемін 2,5 есеге арттыру міндеті қойылды.
Бағдарламаның басты құралы зәкірлік кооперация және қосылған құн тізбегін құру болып табылады.
Енді мемлекет әрбір ниет білдірушіге отбасылық ферма құрып, ет немесе сүт конвейерінің қатысушысы болуға және тұрақты табыс алуға мүмкіндік береді.
Схема барынша қарапайым және іс жүзінде кез келген қазақстандыққа қолжетімді. Фермер 500 гектар жерді жалға алады және 50 сиыр бағады. Мал, техника, шопан тұратын вагон жылына 4%-бен 15 жылға кредит беру есебінен қолжетімді болады. Мұндай фермалар бағдарламаның ядросына айналады. Тек қана етті мал шаруашылығында жақын арадағы 10 жылда осындай 80 мың ферма құрылатын болады, ал бұл 500 мың жаңа жұмыс орны, 100 млн. гектар жайылымның әлеуетін қолдану және ет өндірісін жылына 1 млн. тоннаға жеткізу деген сөз.
Бұл индикаторлар мен шаралар етті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі салалық бағдарламада көзделген, ол шағын және орта шаруа қожалықтарына негізделеді. Оны іске асыру үшін біз арнайы жеңілдетілген «Сыбаға» кредиттік өнімін іске қостық. Оны екінші жартыжылдықтан бастап іске асыра бастағанымызға қарамастан, 2018 жылғы жоспар асыра орындалды. Бүгінгі күні шамамен 600 фермер кредит алғанын айта аламыз.
Фермерлік шаруашылықтардың жылдық ірі қара мал сатып алу жоспары 50,0 мың басты құрайды. 71 мыңнан астам басқа өтінім қабылданды, 55,8 мың басқа кредит мақұлданды және берілді.
Сүтті мал шаруашылығы бойынша да осыған ұқсас бағдарлама қабылданды, оған сәйкес 10 жыл ішінде сүт өндіру көлемін 1 млн.тоннаға жеткізуіміз қажет. 2027 жылғы дейін қуаты 400 бас болатын 527 жаңа отбасылық және қуаты 400 бастан басталатын 139 өндірістік сүт фермасын ашу жоспарланып отыр.
2018 жылы жалпы қуаттылығы 6 мың бас болатын 25 тауарлы сүт фермасы іске қосылды, оның 7-уі өндірістік, 18-і отбасылық сүт фермасы.
Қарқынды бақ өсіруді дамытудың салалық бағдарламасы аясында 10 жылда 47 мың гектар алаңда қарқынды бақ өсіріп, импортты алмастыруды міндет етіп отырмыз.
Қарқынды бақтарды орналастырылатын негізгі өңірлер Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары болып табылады. Өткен жылы 862 гектар қарқынды бақ отырғызылды, оның ішінде Алматы облысы – 162 гектар, Жамбыл облысы – 200 гектар, Түркістан облысы – 500 гектар.
Осы бағдарлама шеңберінде инвестициялық субсидиялау, кредит пен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, тұқым шаруашылығы мен минералды тыңайтқыштарды субсидиялау секілді мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.
Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде ауыл тұрғындары ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес-жобаларды іске асыруға сыйақы мөлшерлемесі жылына 6%-дан аспайтын, мерзімі 7 жылға дейінгі кредиттер/микрокредиттер ала алады. Бұл ретте зәкірлік кооперацияны дамытуға арналған кредиттің ең жоғарғы сомасы 8,0 мың айлық есептік көрсеткішті немесе 20,2 млн. теңгені және басқа бағыттар бойынша 2,5 мың айлық есептік көрсеткішті немесе 6,5 млн. теңге құрайды. 2018 жылы 44,7 млрд. теңге сомасында 12 569 микрокредит (114%) берілді. Негізінен кредиттер мал шаруашылығын дамытуға алынды - 82% (9 115).
2019 жылға 44,7 млрд. теңге сомасында бюджеттік кредит көзделіп, 12 000 микрокредит беру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, ауылда бизнес ашқысы келетін әрбір адам «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша тегін оқудан өте алады.
Біз ел азаматтарының, әсіресе, жастардың санасында ауылда еңбек етудің болашағы бар деген ойды жаңғыртпай, аграрлық секторды одан әрі жеделдетіп дамыту мүмкін емес екендігін түсінуіміз қажет.

Дата публикации
05 марта 2019
Дата обновления
05 марта 2019
Тип
Баяндама

Сейчас читают

29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы