Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Құрметті кеңеске қатысушылар!
1-слайд. Басты бет.
2-слайд. Қазіргі уақытта барлық облыстар көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге кірісті.
Нақтыланған деректер бойынша көктемгі егіс алаңы 19,0 млн. гектарды, оның ішінде дәнді дақылдар 14,5 млн. гектарды, майлы дақылдар 2,7 млн. гектарды, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп 458,3 мың гектарды, азықтық дақылдар 4,1 млн. гектарды, техникалық дақылдар (қант қызылшасы, мақта, темекі) 144,0 мың гектарды құрайды.
Тұқыммен қамтамасыз ету
3-слайд. Ағымдағы жылдың өнімі үшін егіс науқанын жүргізу үшін 2,5 млн. тоннаға жуық тұқым құйылды, яғни, тұқым өткен жылғы көлемнен 100 мың тоннаға артық құйылып, қажеттіліктің 100%-ын қамтыды.
Тұқыммен қамтамасыз етуде проблемалар байқалмайды.
Анықтама ретінде: Тұқым жоспардың 100%-ы көлемінде құйылды, оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдардың тұқымдары 1958,1 мың тонна (жоспардың 102%-ы), майлы дақылдар 71,4 мың тонна (жоспардың 101%-ы), азықтық дақылдар 36,1 мың тонна (жоспардың 97%-ы), картоп 454 мың тонна (жоспардың 100%-ы).
Минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету
4-слайд. 2018 жылғы көлеммен деңгейлес 471,4 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр. Жыл сайын енгізілетін тыңайтқыштар көлемі ұлғайып келеді, мәселен, бұл көлем 2016 жылы қажеттіліктің 10%-ын құраса, биыл 18%-ын құрайды.
Анықтама ретінде: 2018 жылы 463,2 мың тонна тыңайтқыш сатып алынды, оның 330,6 мың тоннасы (немесе 71%-ы) – отандық тыңайтқыштар, 132,6 мың тоннасы (немесе 29%-ы) – импорттық тыңайтқыштар.
Қазіргі сәтте 267,1 мың тонна немесе мәлімделген көлемнің 57%-ы тиеп-жөнелтілді.
Оның ішінде 160,0 мың тонна немесе 60%-ы – отандық өндірушілердің тыңайтқыштары («ҚазАзот» ЖШС – 88,8 мың тонна, «Қазфосфат» ЖШС – 45,7 мың тонна, «Косагрокоммерц» ЖШС – 25,5 мың тонна).
Анықтама ретінде: Аммиакты селитраның 1 тоннасы 78,4 мың теңгені, аммафостың 1 тоннасы 140,0 мың теңгені құрайды.
Тыңайтқыштардың қалған бөлігін солтүстік өңірлер көктемгі дала жұмыстарын жүргізу кезінде, сондай-ақ күзде сүдігер жырту уақытында және сүрі жер үшін сатып алады деп жоспарланған.
Сіздің 20 наурыздағы кеңес барысында берген тапсырмаңызға сәйкес Министрлік барлық мүдделі тұлғалармен бірлесіп ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің агрохимиялық картограммаларды міндетті түрде қолдану мерзімін кейінге созу туралы ұсыныстарын қарастырды. Минералды тыңайтқыштар сатып алуды субсидиялау кезіндегі аталған талапты 2021 жылға дейін созу туралы шешім қабылданды.
Тиісті акт қабылданды және жақын арада күшіне енеді.
Осылайша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің минералды тыңайтқыштарды сатып алуын тежеп тұрған кедергі алып тасталды.
Егістерді қоректік заттармен қамтамасыз етумен бірге, қосымша оларды арамшөптер мен зиянкестерден қорғауды қамтамасыз ету қажет.
Аса қауіпті зиянкестерге қарсы өңдеуге арналған препараттардың қажетті көлемі сатып алынды, зиянкестер ошағы анықталған жағдайда, жедел сипаттағы шаралар қабылданатын болады.
Сонымен бірге, Қазақстанда әлемдік гербицидтер өндіретін компаниялардың өндірісін ашуға қатысты Сіздің тапсырмаңызды іске асыру жұмысы жүргізілуде.
Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы
5-слайд. Ағымдағы жылдың егіс науқанына 147 мың трактор, 4 мың өнімділігі жоғарғы егіс кешені, 79,5 мың тұқымсепкіш, 249,0 мың топырақ өңдейтін құрал қатысуда, бұл өткен жылғы ауыл шаруашылығы техникасы паркінен 4 мың тракторға және 300 егіс кешеніне көп.
Анықтама ретінде: 2018 жылы 142,6 мың трактор, 3,7 мың өнімділігі жоғары егіс кешені, 82,5 мың тұқымсепкіш, 297,0 мың топырақ өңдеу құралы қатысқан.
Жұмыстың ұзақ тұрып қалмауын болдырмау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жөндеу бригадаларын құруда. Көшпелі сервисті күшейту, сондай-ақ қоймаларды қажетті қосалқы бөлшектермен толтыру бойынша сервистік компаниялармен тиісті жұмыстар жүргізілді.
Анықтама ретінде: Республиканың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қабылданған шаралар (ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға инвестициялық субсидиялар 25%, ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша төлемақы мөлшерлемесі 10%) есебінен 2018 жылы 9,5 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасын (оның ішінде 2,4 мың трактор, 1,1 мың егін жинайтын комбайн) сатып алды, бұл ретте жаңарту деңгейі 3,5 %-ды құрады (2017 жылы – 2%).
Жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету
6-слайд. Наурыз-маусым кезеңіне егіс жұмыстарын жүргізу үшін 380 мың тонна (2018 жылы – 375,0 мың тонна) дизель отыны бөлінді. Энергетика министрлігімен бірлесіп, өңірлер бойынша Дизель отынын жеткізу графигі бекітілді.
Қазіргі сәтке дейін өңірлерге 305,8 мың тонна (80%) тиеп-жөнелтілді.
Анықтама ретінде: Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарынан бағаны литріне 160 теңгеден бекітті (тоннасы 193,0 мың теңге), операторлардың жеткізіп беруін ескергенде, өңірлерде 1 литрдің орташа бағасы 176 теңгені құрайды, бұл нарықтық бағадан 10%-ға арзан (жанармай құю станцияларында литрі – 195 теңге).
Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру
7-слайд. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру үшін ағымдағы жылы көлемі 60,0 млрд. теңге мөлшерінде бюджеттік кредит бөлінді.
Қаржыландырудың ағымдағы жағдайы слайдта көрсетілген. Бүгінгі күні 50,6 млрд. теңге сомасына
1770 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қаржыландырылды.
8-слайд. Бүгінгі күні 11,1 млн. гектардан астам алқапқа егіс жүргізілді, бұл жоспарланған көлемнің 58,4%-ын құрайды.
Оңтүстік өңірлерде егін егу іс жүзінде аяқталды. Мысалы, жоспардағы 1,6 млн. гектардың 1,5 млн. гектарында жұмыстар жүргізілді, бұл 95%-ды құрайды.
Көктемгі-күзгі кезеңде ылғал жинақтау
Гидрометеорология қызметінің деректері бойынша топырақтың жоғарғы қабатындағы ылғалдың күзгі-қысқы қоры 2018 жылдың деңгейінен жоғары деп сипатталуда.
Ауа райы да қолайлы. Алайда, Өзіңіз атап өткендей, солтүстік өңірлерде мамыр айының үшінші онкүндігінде ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын болады деп болжануда.
Осыған сәйкес облыстар әкімдіктері ауа райы қолайлы күндері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің барынша нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз етуі қажет.
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Сіздің қолдауыңыздың арқасында көктемгі егіс науқанын уақтылы жүргізумен байланысты проблемалардың көп бөлігі шешілді. Компаниялар егін егуге кірісіп, техника мен жұмысшылар жұмыс істеуде.
Назарларыңызға рақмет!