«Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына
баспасөз-релизі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді.
Аталған Үкіметтің қаулы жобасымен 425 метрге дейінгі горизонттағы Стрежан кен орнының полиметалл және жез-колчедан кенін өндірістік дайындау үшін Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Риддер орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерлерінен жалпы алаңы 18,91 гектар жер учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстыру қарастырылған.
Жобаны қабылдау әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.