«Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа
санаттағы жерге ауыстыру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы бойынша баспасөз-релизі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 130-бабына және 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң 51-бабына сәйкес «Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді.
Жобамен «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қаскелең орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерлері санатынан жалпы ауданы 0,9812 гектар орман қоры жерін «Қапшағай – Күрті» республикалық маңызы бар автокөлік жолын 0-67 шақырымын реконструкциялау үшін орман қоры жері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерінің санатына ауыстырылсын.
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық зардаптарға әкеліп соқпайды.
Қаулыны жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығыстарды талап етпейді.