«Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа
санаттағы жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес, «Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Қаулының жобасы) әзірленді.
Қаулының жобасымен «Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жасыл аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Целиноград ауданы орман қоры жерінен жалпы алаңы 19,16 гектар жер учаскелерi өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер санатына ауыстыру көзделген.
Жерлерді ауыстырудың мақсаты – автомобиль жолының «Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз-Шалқар» Орталық-Батыс дәлізін реконструкциялау шеңберінде 19-45 километрдегі республикалық маңызы бар жолын салу үшін.
Жобаны қабылдау әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.