«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Жетісу облысы жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-і (бұдан әрі - Департамент) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес 2026 жылғы 12 мамырдан 2026 жылғы 23 маусым аралығында Департаменттің қызметіндегі келесі бағыттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізуді жоспарлағанын хабарлайды:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ішкі талдаудың қамтылу кезеңі – 2025 жылдың 01 мамырынан бастап 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін.
Ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілетін болады.