Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қарғалы ауданының әкімдігі  ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне конкурс жариялайды

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қарғалы ауданының әкімдігі  ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне

конкурс жариялайды

 

2003 жылғы 20 маусымдағы №442-ІІ ҚР Жер кодексінің 43, 43-1  баптарын (әрі қарай Кодекс), ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Қарғалы ауданының әкімдігі ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелерін жалға беруге конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1 бабының 9- тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста:

 1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс..

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

       Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

      Кодекстің 43-1 бабының 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім қабылдамай тастауға жатады.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі өткізілетін конкурстарға жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ кодекстің                        43-1 бабының 19-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қатысуға құқылы емес.

Конкурсқа ұсынылып отырған жер учаскелерінің тізімі мен  конкурстың қағида талаптарын және жалға беру шартының үлгілерін «Қарғалы аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нен тікелей алуға болады. (байланыс телефоны:8(71342)23267

            Конкурсқа қатынасуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу қайталама конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң, он жұмыс күні ішінде  өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасымен жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында, ауылдық округтердің және аудандық жер қатынастары бөлімінің ақпарат бұрыштарынан танысуға болады.

 Конкурстық өтінімдер 2025 жылдың 24 сәуірден 12 мамырға аралығында Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесі 32 мекен жайы, 27 кабинетте қабылданады. Конкурс 2025 жылдың 13 мамырда сағат 10:00 де аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.  Конкурс өткізу орны: Бадамша ауылы, Әбілқайыр хан көшесі, №38 мекен жайында.

 

Конкурсқа шығарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің

 тізбесі

Лот

№

Жер алқабының
қысқаша сипаттамасы,  (орналасуы, аудан орталығынан  қашықтығы,  өңірдің мамандануы)

Көлемі, га

Жалға беру мерзімі, жыл

Лот 1

Жайылымдық  жер, Велихов ауылдық округі  аумағында, аудан орталығынан шамамен  80 км,  шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу

4442

10 жыл

Лот 2

Жайылымдық жер, Велихов ауылдық округі  аумағында, аудан орталығынан шамамен  85 км,  шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу

3943,5

10 жыл

Лот 3

Жайылымдық жер, Кемпірсай ауылдық округі  аумағында, аудан орталығынан шамамен  50 км,  шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу

1764

10 жыл

Лот 4

Жайылымдық жер, Бадамша ауылдық округі  аумағында, аудан орталығынан шамамен 25 км,  шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу

406

10 жыл

Лот 5

Жайылымдық жер, Бадамша ауылдық округі  аумағында, аудан орталығынан шамамен 20 км,  шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу

164

10 жыл

Лот 6

Жайылымдық жер, Желтау ауылдық округі  аумағында, аудан орталығынан шамамен 55 км,  шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу

161

10 жыл

Лот 7

Егістік жер, Степной ауылдық округі  аумағында, аудан орталығынан шамамен 40 км,  шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу

172

10 жыл

 

Барлығы:

11052,5 га

 



Дата публикации
21 апреля 2025
Дата обновления
21 апреля 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы