Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша«Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша«Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

 

Лот тың №

Есеп кварталы,

жер телімінің орналасқан орыны

Жер учаскесі беріледі

Ауыл шаруашылығы мамандануы

Бекітілгенкөлемі, жалдау мерзімі

 

Ауыл шаруашылық алқап түрлері

оның ішінде

Топырақтың сапалы сипаттамасы Бонитет балы

Сумен қамтылуы

Басқалар

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

егістік

жайылым

шабындық

басқа да жерлер

1

23241820240417054023

есеп кварталы

Знаменка ауылынан 4,2 шақырым онтүстік-шығысқа қарай

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

 

Өсімдік шаруашылығы

 

22,6654

 

10 жыл

22,6654

 

 

 

Қара қоңыр

б/б 19

бар

 

2

23241720241116000002 есеп кварталы

Айыртау ауылынан  2,2 шақырым оңтүстік-батысқа қарай

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

 

Мал шаруашылығы,

өсімдік шаруашылығы

 

 

122,7242

 

10 жыл

 

122,7242

 

 

 

 

Қара қоңыр

б/б 14

бар

 

 

ЕСКЕРТПЕ

Жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімінде тұрған тұлғаларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, сондай-ақ бір жыл ішіндеауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздары жіберіледі.

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2)  конкурстық ұсыныс.

 

Конкурстық ұсыныста:

1) Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінім және конкурстық ұсыныстар Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1-бабының және Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген"Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары" талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Мынадай жағдайларда конкурс өткізілмеді деп танылады:

- конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа екіден кем өтінім келіп түскен жағдайда;

- егер конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден кем қатысушы жіберілген болса.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2025 жылдың «09» сәуірінен бастап 2025 жылдың «09» мамыр аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі.Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің  орналастыру схемасымен жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында, ауылдық округтердің және аудандық жер қатынастары бөлімінің ақпарат бұрыштарынан танысуға болады.

Толық ақпаратты Абай облысы, Бордулиха ауданы, «Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нен мына байланыс телефондары арқылы 8(72351) 2-13-21 алуға болады.

Дата публикации
17 апреля 2025
Дата обновления
17 апреля 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы