«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
баспасөз-релизі
«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 32-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 20-01-7.16 (т.4.27) хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.
Қаулы жобасы «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізуді көздейді.
Қаулы жобасын іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де салдарларға әкеп соқтырмайды.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров