Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің  43-1 бабын және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығын басшылыққа ала отырып,

2025 жылдың 11 сәуір күні сағат 10-00 де Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Т.Әубәкіров көшесі 23 мекен жайда орналасқан Қарқаралы ауданы әкімдігінің акт залында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:

      1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

      2) конкурстық ұсыныс.

    Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2025 жылғы 18 наурыздан бастап 2025 жылғы 10 сәуір күнгі сағ:18-30- ға  дейін "Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінде қабылданады, орналасқан мекен-жайы: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Ә. Бөкейханов көшесі, 40.

    Конкурсқа қатысуға өтінім қағаз жеткізгіште қолма-қол не пошта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.   

   Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

      2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

      3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

      4) конкурстық ұсыныс;

      5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

     Конкурсқа хабарламада белгіленген мерзімнен кешіктірмей конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеген шетелдік заңды тұлғалардан, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан астамды құрайтын заңды тұлғалардан басқа, белгіленген тәртіппен тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары және мемлекеттік емес заңды тұлғалар жіберіледі.

Конкурсқа төменде келтірілген кестеде көрсетілген мынадай жер учаскелері қойылады:

 

№

Жер учаскесінің орналасқан ауылдық округ атауы (лот № )

Жалпы алаңы, га

Алқаптардың құрамы

 

оның ішінде

Жалға алу мерзімі, жыл

Жер учаскесінің сипаттамасы (топырақ түрі), орташа балл бонитет

Сумен қамтамасыз етілуі

 

 

Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы

барлық егістік

оның ішінде суар

малы егістік

барлық жайы

лым

оның ішінде  ТЖ жайылым

ша

бын

дық

басқа алқаптар

 

1

Абай а/о

Лот № 1

199,8333

-

-

192,0

-

-

7,8333

20 жыл

Қою қызыл топырақтар

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

2

Абай а/о

Лот № 2

1437,7532

-

-

1436,0

-

-

1,7532

20 жыл

Қою қызыл топырақтар

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

3

Қ. Аманжолов а/о

Лот № 3

199,8336

-

-

199,0

-

-

0,8336

20 жыл

Қою қызыл топырақтар

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

4

Қ. Аманжолов а/о

Лот № 4

501,2296

-

-

500,0

-

-

1,2296

20 жыл

Қою қызыл топырақтар

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

5

Қ. Аманжолов а/о

Лот № 5

716,6054

-

-

716,0

-

-

0,6054

20 жыл

Қою қызыл топырақтар

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

6

Тәттімбет а/о

Лот № 8

998,9224

-

-

995,0

-

-

3,9224

20 жыл

Қою қызыл топырақтар

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

7

Тәттімбет а/о

Лот № 9

486,3548

-

-

484,0

-

-

2,3548

20 жыл

Қою қызыл топырақтар

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

8

Шарықты а/о

Лот № 10

759,1854

258,0

-

495,0

-

-

6,1854

20 жыл

Қою қызыл топырақтар

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы

9

Шарықты а/о

Лот № 11

732,7372

31,0

-

700,0

-

-

1,7372

20 жыл

Қою қызыл топырақтар

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы

 

Барлығы:

6032,4549

289,0

 

5717,0

 

 

26,4549

 

 

 

 

Конкурстық ұсыныста:

      1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

      2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

       3) Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.

    Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

    Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

    Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

    Қосымша ақпаратты "Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" Мемлекеттік мекемесінен мына мекен-жай бойынша алуға болады: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бөкейханов көшесі 40. Байланыс тел / факс 8 (72146) 31404.

 

Дата публикации
13 марта 2025
Дата обновления
13 марта 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы