"Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2025 жылғы «04» сәуірде сағат 15.00-де шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді. Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, 34, аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.
Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі
|
№ лота |
Жер учаскесінің орналасқан орны |
Алаңы |
Өңірдің ауылшаруашылығына мамандануы |
Жалгерлікке беру мерзімі, жыл |
Жалгерлікке беру мерзімі, жыл |
Бонитет балы |
|||||
|
Жалпы
|
суландырылмаған егістік |
тыңайтылған жер |
шабындық
|
т.ж. жайылым |
өзге де жерлер
|
||||||
|
1 |
Баскөл а/о |
291,19 |
|
291 |
|
|
0,19 |
Өсімдік шаруашылығы |
ақшыл сарғыш.суландырылмаған |
10 жыл |
8 |
|
2 |
Көктүбек а/о |
469,1 |
467,8 |
|
|
|
1,3 |
Өсімдік шаруашылығы |
ақшыл сарғыш.суландырылмаған |
10 жыл |
8 |
|
3 |
Көктүбек а/о |
392,3 |
391,1 |
|
|
|
1,2 |
Өсімдік шаруашылығы |
ақшыл сарғыш.суландырылмаған |
10 жыл |
8 |
|
4 |
Көктүбек а/о |
130,45 |
|
|
130 |
|
0,45 |
Мал шаруашылығы |
ақшыл сарғыш.суландырылмаған |
10 жыл |
8 |
|
5 |
Көктүбек а/о |
531,6 |
|
436,1 |
|
94,8 |
0,7 |
Өсімдік шаруашылығы |
ақшыл сарғыш.суландырылмаған |
10 жыл |
8 |
|
6 |
Майтубек а. |
1390,8 |
1390 |
|
|
|
0,8 |
Өсімдік шаруашылығы |
ақшыл сарғыш.суландырылмаған |
10 жыл |
8 |
|
7 |
Майтубек а. |
1200,2 |
1200 |
|
|
|
0,2 |
Өсімдік шаруашылығы |
ақшыл сарғыш.суландырылмаған |
10 жыл |
8 |
|
8 |
Майтубек а. |
1200,2 |
1200 |
|
|
|
0,2 |
Өсімдік шаруашылығы |
ақшыл сарғыш.суландырылмаған |
10 жыл |
8 |
|
9 |
Каратерек а/о |
405,2 |
404 |
|
|
|
1,2 |
Өсімдік шаруашылығы |
ақшыл сарғыш.суландырылмаған |
10 жыл |
8 |
|
10 |
Май а/о |
205,6 |
205,1 |
|
|
|
0,5 |
Өсімдік шаруашылығы |
ақшыл сарғыш.суландырылмаған |
10 жыл |
8 |
|
|
|
6216,64 |
5258 |
727,1 |
130 |
94,8 |
6,74 |
|
|
|
|
ЕСКЕРТПЕ:
Жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімінде тұрған тұлғаларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының Жеке және заңды тұлғалары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздары жіберіледі.
Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурстық өтінімде қатысушының осы аудандағы, қаладағы, ауылдағы, елді мекендегі тұрғылықты жері туралы мәліметтер болу қажет.
2) конкурстық ұсыныс;
Конкурстық ұсыныста мыналар болуы тиіс:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы,құрылатын жұмыс орындарының саны) ;
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Мынадай жағдайларда Конкурс өткізілмеді деп танылады:
- конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа екіден кем өтінім келіп түскен жағдайда;
- егер конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден кем қатысушы жіберілген болса.
Қатысушы конкурстық өтінімді конвертке мөрлейді, онда: өзінің атауы мен мекенжайын; конкурсты ұйымдастырушының және оның мекенжайын көрсетеді, сондай-ақ "ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөніндегі Конкурс" және "2025 жылғы 04 сәуірге сағат 15.00-ге дейін ашпау" (нақты уақыты мен күні көрсетіледі)деген жазуды жасайды. Конкурстық өтінімдер конкурсты ұйымдастырушыға 2025 жылғы 11 наурыздан бастап 2025 жылғы 03 сәуірге дейін сағат 18:30-ға дейін ұсынылады. Конвертті ашу 2025 жылғы 04 сәуірге сағат 15:00-де өтеді.