Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жариялау туралы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша

өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі

конкурс жариялау туралы

 

Жетісу облысы, Ақсу ауданы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабында және «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы       № 518 бұйрығы негізінде, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды:

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді (конкурстық ұсыныс) қабылдау,  алғаш рет жарияланғанан күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кейін, 10 жұмыс күні ішінде,
2025 жылдың  27 қаңтарынан   07 ақпанды қоса алғанға дейінгі уақытта  қабылданады. Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, 5 Ақсу ауданының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне табыс етеді.

Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдаудың (конкурстық құжаттаманы) соңғы мерзімі: 2025 жылдың 07 ақпаны 18 сағат 30 минутқа дейін.

Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2025 жылдың 10 ақпаны күні  
10 сағат 00 минутта мына мекен жайда ашылады: Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы,  Желтоқсан  көшесі, 5 аудан әкімінің орынбасары кабинетінде.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

      2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

      3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

      4) конкурстық ұсыныс;

      5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

      Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

      Конкурстық ұсыныста мынадай құжаттар болуы қажет:

       1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

      2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

     3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

       Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

        Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Сонымен қатар, Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және 2025 жылғы "10" ақпанға дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.           

Қосымша ақпарат пен анықтама алу үшін (72832) 2-21-26 телефон арқылы хабарласуға  болады.

                                                    

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығаруға қалыптастырылып, келісімге ұсынылған жер учаскелерінің тізбесі

 

 

№

Орналасқан жері

Алаңы, га.

Алқап құрамы

Топырақтың сапалық сипаттамасы

Балл

бониеті

Су көздерімен қамтасыз етілуі

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

1

 

Есеболатов ауылдық       округі

1,9202

Суармалы егістік

Солтүстік кәдімгі сұр және 10% дейін суармалы әлсіз шайылған жай солтүстік кәдімгі сұр топырақ, орташа  сазды

34

Қажет емес

Мамандандырылған

2

 

Есеболатов ауылдық       округі

5,0706

Суармалы егістік

Суармалы жай солтүстік кәдімгі сұр-шалғынды топырақ, жеңіл саздақты

35

Қажет емес

Мамандандырылған

3

 

Есеболатов ауылдық       округі

7,1717

Суармалы егістік

Суармалы жай солтүстік кәдімгі сұр-шалғынды топырақ, жеңіл саздақты

35

Қажет емес

Мамандандырылған

4

 

Есеболатов ауылдық       округі

5,0

Суармалы егістік

Суармалы аз жетілген солтүстік кәдімгі сұр топырақ, орташа саздақты, әлсіз қиыршықтасты

12

Қажет емес

Мамандандырылған

5

 

Есеболатов ауылдық       округі

6,5963

Суармалы егістік

Суармалы аз жетілген солтүстік кәдімгі сұр және 10-30% суармалы толық жетілмеген солтүстік кәдімгі сұр топырақ, орташа саздақты, әлсіз қиыршықтасты

12

Қажет емес

Мамандандырылған

6

 

Есеболатов ауылдық       округі

2,6176

Суармалы егістік

Суармалы жай солтүстік кәдімгі сұр-шалғынды топырақ, орташасаздақты

42

Қажет емес

Мамандандырылған

7

Есеболатов ауылдық       округі

4,4096

Суармалы егістік

Солтүстік кәдімгі сұр және 10% дейін суармалы әлсіз шайылған жай солтүстік кәдімгі сұр топырақ, орташа  сазды

34

Қажет емес

Мамандандырылған

8

 

Есеболатов ауылдық       округі

5,0

Суармалы егістік

Солтүстік кәдімгі сұр және 10% дейін суармалы әлсіз шайылған жай солтүстік кәдімгі сұр топырақ, орташа  сазды

34

Қажет емес

Мамандандырылған

9

 

Есеболатов ауылдық       округі

5,2321

Суармалы егістік

Солтүстік кәдімгі сұр және 10% дейін суармалы әлсіз шайылған жай солтүстік кәдімгі сұр топырақ, орташа  сазды

34

Қажет емес

Мамандандырылған

10

 

Есеболатов ауылдық       округі

1,9394

Суармалы егістік

Солтүстік кәдімгі сұр және 10% дейін суармалы әлсіз шайылған жай солтүстік кәдімгі сұр топырақ, орташа  сазды

34

Қажет емес

Мамандандырылған

11

 

Есеболатов ауылдық       округі

7,75

Суармалы егістік

Суармалы аз жетілген солтүстік кәдімгі сұр және 10-30% суармалы толық жетілмеген солтүстік кәдімгі сұр топырақ, орташа саздақты, әлсіз қиыршықтасты

12

Қажет емес

Мамандандырылған

 

  Ақсу ауданының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі

Дата публикации
15 января 2025
Дата обновления
15 января 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы