Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Үржар аудандық әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізеді

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Үржар аудандық әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізеді.

Конкурсқа қатысуға жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғаларды, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартына бір жыл бойы қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына рұқсат етіледі. 

 

Конкурсқа қатысу тәртібі

Конкурсқа қатысуға өтінімді белгіленген ақпараттық хабарламаның мерзімінен кешіктірмей ресімдеген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жіберіледі.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу он бес   жұмыс күн ішінде 2025 жылдың 27 қаңтарынан 2025 жылдың 14 ақпан аралығында Абай облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылының Абылайхан көшесі 141,                 1-этаж орналасқан «Абай облысы Үржар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-і мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады телефон 8(72230) 3-37-00.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныста:

         1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

                    Өтініш беруші конкурсқа қатысуға өтінім бергеннен кейін 2025 жылғы 14 ақпан сағ:18.30 дейін желімделіп жабылған жеке конвертте жер телімін пайдалану жөнінде ұсынысын (конкурстық өтінім) береді.

          Конкурстық өтініштерімен конверттерді ашу 2025 жылғы 17 ақпан күні сағат 10.00-де Үржар ауылының Абылайхан көшесі 141 мекен-жайы бойынша (Үржар ауданының жер қатынастары бөлімінде) болады.

Конкурс:

  • Конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз өтінім келіп түскен;
  • Егер конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз қатысушы жіберілген жағдайларда, өткізілмеді деп танылады.
 

 

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

 

№

Жер телімінің орналасқан жері

Алқабы

Алаңы

Балл бонитеті

Топырақтың сапалық сипаттамасы

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

1

Барқытбел ауылынан оңтүстікке қарай 0,4 км

Егістік

12

17

Оңтүстік құрғақ далалық тау бөктеріндегі қара топырақ

мал және өсімдік шаруашылығы

2

 

Барқытбел ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 1,0 км

 

Егістік  

11

17

 

Оңтүстік құрғақ далалық тау бөктеріндегі қара топырақ

 

мал және өсімдік шаруашылығы

 

3

Барқытбел ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 1,5 км

Егістік

6

17

Оңтүстік құрғақ далалық тау бөктеріндегі қара топырақ

мал және өсімдік шаруашылығы

4

 

Барқытбел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7,5 км

 

Егістік

42

17

 

Оңтүстік құрғақ далалық тау бөктеріндегі қара топырақ

 

мал және өсімдік шаруашылығы

 

шабындық

2

5

Барқытбел ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5,0 км

Егістік

11

17

Оңтүстік құрғақ далалық тау бөктеріндегі қара топырақ

мал және өсімдік шаруашылығы

6

Барқытбел ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10,0 км

Егістік

56,4

17

Оңтүстік құрғақ далалық тау бөктеріндегі қара топырақ

мал және өсімдік шаруашылығы

7

 

Батпақты ауылынан солтүстік-батысқа қарай 1,4 км

 

Егістік                   

4

6

17

 

Оңтүстік құрғақ далалық тау бөктеріндегі қара топырақ

 

мал және өсімдік шаруашылығы

 

шабындық

8

 

Батпақты ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2,0 км

 

Егістік                   

4

17

 

Оңтүстік құрғақ далалық тау бөктеріндегі қара топырақ

 

мал және өсімдік шаруашылығы

 

Шабындық

5

9

 

Батпақты ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2,9 км

 

Егістік                 

8,9

17

 

Оңтүстік құрғақ далалық тау бөктеріндегі қара топырақ

 

мал және өсімдік шаруашылығы

 

Шабындық

7,8

10

Көкөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 0,2 км

Егістік

33

22

Жартылай шөлді шалғынды қоңыр

мал және өсімдік шаруашылығы

11

Көкөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 0,2 км

Егістік

40

22

Жартылай шөлді шалғынды қоңыр

мал және өсімдік шаруашылығы

12

Көкөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 0,2 км

Егістік

48

22

Жартылай шөлді шалғынды қоңыр

мал және өсімдік шаруашылығы

13

Көкөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 0,2 км

Егістік

48

22

Жартылай шөлді шалғынды қоңыр

мал және өсімдік шаруашылығы

14

Көкөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 0,2 км

Егістік

33

22

Жартылай шөлді шалғынды қоңыр

мал және өсімдік шаруашылығы

15

Көкөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 0,2 км

Егістік

35

22

Жартылай шөлді шалғынды қоңыр

мал және өсімдік шаруашылығы

16

Көкөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 0,2 км

Егістік

12

22

Жартылай шөлді шалғынды қоңыр

мал және өсімдік шаруашылығы

17

Көкөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 0,2 км

Шабындық

6

22

Жартылай шөлді шалғынды қоңыр

мал және өсімдік шаруашылығы

18

Көкөзек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 0,2 км

Шабындық

14

22

Жартылай шөлді шалғынды қоңыр

мал және өсімдік шаруашылығы

 

 

19

Егінсу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5,0

егістік

400

13

Жартылай шөлді шалғынды қоңыр

мал және өсімдік шаруашылығы

20

Егінсу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5,0

егістік

400

13

Жартылай шөлді шалғынды қоңыр

мал және өсімдік шаруашылығы

21

Ақжар ауылынан оңтүстікке қарай 6,0 км

егістік

130

17

 

мал және өсімдік шаруашылығы

 

Дата публикации
26 декабря 2024
Дата обновления
26 декабря 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы