Меню

Страницы

Статья

Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы бойынша баспасөз-релизі

«Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа

санаттағы жерге ауыстыру туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы бойынша

баспасөз-релизі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 130-бабына және  2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң 51-бабына сәйкес «Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының  жобасы әзірленді.

Жобамен Алматы облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік мекемелері «Шелек орман шаруашылығы», «Ұйгыр орман шаруашылығы»  және «Жаркент орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 507,7237 гектар құрайтын жер учаскесін орман қоры  жерлер санатыннан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер санатына ауыстыру көзделеді.

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық зардаптарға әкеліп соқпайды,  «Жетіген-Қорғас» республикалық темір жолын салу үшін  жер учаскесін ауыстыру жүргізілуде.

Қаулыны жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығыстарды талап етпейді.

Дата публикации
18 августа 2020
Дата обновления
18 августа 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы