Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА   Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты қайта өткізу туралы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты қайта өткізу туралы

                                                                                  

                Шиелі ауданы аумағындағы ауыл шаруашылығы жерлерінен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу жөніндегі қосымша хабарламаны тиісті облыс шегіндегі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарында және орталық уәкілетті органдарының интернет-ресурсында жарияланған.

                Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау Шиелі ауданы, Шиелі кенті, И. Әбдікәрімов көшесі № 11 мекен-жайында орналасқан «Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 26 желтоқсан  сағат 900 - ден бастап 2025 жылдың 21 қаңтар сағат 1900- ге дейін қабылданады.

                Конкурс өткізілетін орны Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Т. Рысқұлов көшесі №11 мекен-жайындағы Шиелі ауданы әкімдігі ғимаратында  22 қаңтар күні сағат 10:00 ден бастап өткізілетіндігін хабарлаймыз.

                1) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді;

                Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін - заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің - заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

                2) жеке тұлғалар үшін - өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

                3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

                4) конкурстық ұсыныс;

                5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстын жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

                Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және рәсімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Байланыс телефоны: 8 72432-35-5-02

 

Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

№

Жер учаскесінің орналасқан орыны

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Жер учаскесінің  көлемі, (гектар)

Алқаптардың құрамы

Топырақтың сипаттамасы

Жер пайдалану құқығы

Бонитет балы

Сумен қамтамасыз етілуі  мүмкіндігі

Өңірдің ауылшаруашылығы мамандануы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

1

Шиелі ауданы, Бәйтерек ауылдық округі №22 елді мекен маңы

шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

50

жайылымдық-48

басқа алқаптар

-2 га

құмды аймақ

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

10 (он ) жыл мерзімге

9

Р-7 шаруаішілік каналы 

мал

шаруашылығы үшін

 

 

Дата публикации
28 ноября 2024
Дата обновления
28 ноября 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы