АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі
|
р/с |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің көлемі, гектар |
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты |
Жер пайдалану құқығы |
Топырақтың сапалық сипаттамасы |
Алқаптардың құрамы (гектар) |
Бонитет балы |
Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы |
Сумен қамтамасыз етілуі |
|
1 |
Жаңақорған ауданы, Сунақата ауылдық округінің тау беткейі |
450 |
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін |
10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы |
шөлді, шөлейтті және тау бөктеріндегі шөлді |
Жайылым 450,0
|
21 |
Мал шаруашылығын жүргізу үшін |
Өз қаражаты есебінен бар |
|
2 |
Жаңақорған ауданы, Шалқия өңірінің тау беткейі |
60 |
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін |
10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы |
шөлді, шөлейтті және тау бөктеріндегі шөлді |
Жайылым 60,0
|
5 |
Мал шаруашылығын жүргізу үшін |
Өз қаражаты есебінен бар |
|
3 |
Жаңақорған ауданы, Шалқия өңірінің тау беткейі |
50 |
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін |
10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы |
шөлді, шөлейтті және тау бөктеріндегі шөлді |
Жайылым 50,0
|
4 |
Мал шаруашылығын жүргізу үшін |
Өз қаражаты есебінен бар |
|
4 |
Жаңақорған ауданы, Қыраш ауылдық округінің өңірі |
400 |
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін |
10 (он) жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы |
шөлді, шөлейтті және тау бөктеріндегі шөлді |
Жайылым 400,0 |
18 |
Мал шаруашылығын жүргізу үшін |
Өз қаражаты есебінен бар |
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, А.Иманов көшесі №171 мекенжайда орналасқан «Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 25 қараша сағат 900 - ден бастап
2024 жылдың 13 желтоқсан сағат 1900 - ге дейін лот нөмірі бойынша қабылданады.
Конкурс Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, А.Иманов көшесі №150Амекенжайда орналасқан «Ордакент»» ардагерлер үйі» ғимаратында 2024 жылдың 14 желтоқсан күні сағат 1000 – де өткізіледі.
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.
Байланыс телефоны: 8 (72435)22-3-72; 79-1-44