Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы» қағидаға сәйкес Казталов ауданы әкімдігі 2024 жылдың 8 қараша cағат 10:00-де Казталов ауылы, Шарафутдинов көшесі №1 мекенжайы бойынша жер учаскелерін беру туралы конкурс өткізеді.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы» қағидаға сәйкес Казталов ауданы әкімдігі 2024 жылдың 8 қараша cағат 10:00-де Казталов ауылы, Шарафутдинов көшесі №1 мекенжайы бойынша жер учаскелерін беру туралы конкурс өткізеді.

 

 

№

Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округтен арақашықтығы км, жер учаскесінің лот № )

Нысаналы мақсаты

Жалпы аудаңы, га

Жалдау мерзімі

Алқаптардың құрамы,
оның ішінде

Топырақтың сапалық сипаттамасы,

орташа балл бонитет 

Сумен қамтамасыз етілуі

 

 

 

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

Жайылым

Шабындық

Басқа алқаптар

1

1 лот

Ақпәтер а/о

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

618

10 жыл

618

 

 

Ашық қызыл қоңыр 9

Қамтамасыз етілмеген

Mал шаруашылығы

2

2 лот

Қошанкөл а/о

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

200

10 жыл

 

200

 

Қызыл қоңыр 16

Қамтамасыз етілмеген

Mал шаруашылығы

3

3 лот

Қошанкөл а/о

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

700

10 жыл

569

128

3

Қызыл қоңыр 16

Қамтамасыз етілмеген

Mал шаруашылығы

4

4 лот

Болашақ а/о

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

101

10 жыл

100

 

1

Қызыл қоңыр 17

Қамтамасыз етілмеген

Mал шаруашылығы

5

5 лот

Болашақ а/о

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

1100

10 жыл

1062

37

1

Қызыл қоңыр 17

Қамтамасыз етілмеген

Mал шаруашылығы

6

6 лот

Болашақ а/о

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

350

10 жыл

149

200

1

Қызыл қоңыр 17

Қамтамасыз етілмеген

Mал шаруашылығы

7

7 лот

Талдықұдық а/о

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

540

10 жыл

509

31

 

Қызыл қоңыр 11

Қамтамасыз етілмеген

Mал шаруашылығы

8

8 лот

Талдықұдық а/о

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

545

10 жыл

447

98

 

Қызыл қоңыр 11

Қамтамасыз етілмеген

Mал шаруашылығы

9

9 лот

Талдықұдық а/о

Шаруа немесе фермер қожалығы жүргізу үшін

548

10 жыл

548

 

 

Қызыл қоңыр 11

Қамтамасыз етілмеген

Mал шаруашылығы

 

ЕСКЕРТПЕ

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2024 жылдың «17» қазаннан бастап «7» қараша аралығында, сағат 09.00 -ден бастап сағат 18:30 аралығында Казталов ауылы, Шарафутдинов көшесі №2 мекенжайында өтінімдерді қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Өтінімді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 518 бұйрығымен бекітілген қағидада көрсетілген талаптарға сәйкес қабылданады. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

 Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

      2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

      3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

      4) конкурстық ұсыныс;

       5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

      Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста:

      1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

     2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

      3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын және жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

         Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

         Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.

          Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасымен аудандық жер қатынастары бөлімінде, Казталов ауданы әкімі аппаратының интернет ресурсында (https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kaztalovka/documents/1?lang=kk), «Казталов ауданының әкімдігі → Құжаттар → Ақпараттық хабарлама» бөлімінде және Батыс Қазақстан облысының геоақпараттық порталының(map.e-batys.kz) «Сауда-сатыққа шығарылған жерлер – Байқаулар» бөлімінде танысуға болады.

Дата публикации
30 сентября 2024
Дата обновления
30 сентября 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІНЕ ШАЛДЫҚҚАН ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІЛІМІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті)
29 сентября 2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ 2026 (Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті, аймақтық департаменттер)

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы